Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: зерттеудің өзекті мәселесі, тақырыбы, объектісі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері.
Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі – жауабын іздейтін ғы-лымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын анықтау.
Зерттеу тақырыбы: зерттеу мәселесі қырларының анық, қысқа берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныста-рына жауап бере алатындай болуы керек.
Зерттеу нысаны – іздену аймағы. Мұндай нысандарға педаго-гикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады.
Зерттеу пәні – нысанды зерттеу қыры, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастарының жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |