Зерттеудің мақсаты: зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.
Зерттеудің болжамы: педагогика ғылымындағы өзекті мәсе-ленің теориялық және практикалық жағын талдау негізіндегі шешімін алдын ала болжау. Зерттеу болжамы егер..., онда..., өйткені... деген ұғымдармен байланысып құрылады. Ғылыми зерттеу аппараты дұрыс құрылмаған жағдайда, оң дұрыс ғылыми дәлелді нәтиже алынбайды.
Зерттеу міндеттері: зерттеу мақсатының бөлшектенуі, зерт-теу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру тұрғысында құрылады.
Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру. Ұжымдық ғылыми зерттеуді ұйымдастыру жұмысы педагогикалық әдебиеттерде басқару-шылық, психологиялық және әлеуметтік қырларынан қарастырылған.
Ұжымдық ғылыми жұмысты ұйымдастыру үшін жетекші керек. Зерттеуді басқарушының алдында күрделі міндеттер тұрады.
Әдістемелік нұсқау: Когнитивті, мотивациялық, бағдарлы, операциялық деп аталатын зерттеудің құзырлық компонеттеріне талдау жасаңыздар. Берілген кесте бойынша «педагогикалық бақылау» және «тәжірибені оқыту» бойынша мәлімет жинақтап, кестені толықтырыңыз. Берілген тақырып бойынша конспект жазыңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Садуакаскызы, Кульбарам. Педагогикадағы ғылыми зерттеу әдістері және педагогикалық зерттеудегі логика / Кульбарам Садуакаскызы, А. П. Тапаева, Г. Т. Байымбетова, Б. Ж. Торебек. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 20.1 (79.1). — С. 44-46.
2.Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеудің әдістері, Педагогика...kazreferat.org›shop/473/desc/pedagogika-disnamasy
3.Таубаева Ш. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері. Оқулық. Алматы: Қазақ университеті, 2019.- 360 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |