Сабақтың ортасы (31 мин.)
|
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)
(МК. Т) Оқулықпен жұмыс. «ДЖИГСО» əдісі
Көлемді мəтін төрт бөлікке бөлінеді, оқушылар да төрт шағын топқа бөлініп («бастапқы топ»), 1- ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың əрқайсысы өз
нөміріне сəйкес мəтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») құрылады, сарапшылар тобында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады.
Мысалы: мəтіннің №1 бөлігін оқыған оқушылар 1-топқа, т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын
таныстырады, топтық талқылау жүреді.
|
Дескриптор
Жаңа тақырыптың мəтінін оқып, танысады.
Топтар арасында талқылайды.
Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген жерлерін толықтырады.
|
Топтар бірін-бірі сабаққа қатысқан белсенділігіне қарай
«Қошеметтеу» əдісі
арқылы бағалайды.
Мақсаты: берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, əртүрлі тəсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамытады.
Тиімділігі: ынтымақта, бірлікте жұмыс істеуге, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді.
|
Интерактивті тақта
|