Мәселені шешудің қызметі мен тәсілдерін бағалай білу қабілеті;себеп-салдарлық байланыстардың нәтижелерін салыстырып жүйелеу ;
Тапсырманы орындау алдында оқушы бірденені орындаудың тәсілі туралы өз ойын айтады: «Мен бәлкім былай істер едім».Нәтижесінде қатысушылар оның айтқаны қаншалықты шыңдықпен жанасатынын хабарлайды.
Мысалы.
«Мен былай істер едім.Кластағы қатысушылардан сауалнама алып,берілген статистикалық мәліметтермен салыстыру». « Мен сыныптастарымның арасында сауалнама жүргізіп оларды берілген статистикалық мәліметтермен салыстырдым.Менің нәтижелерім,бұл сұраққа жауапты басқа тәсіл арқылы іздеген, қатысушылардың нәтижесімен сәйкес келді.Менің таңдаған шешімім дұрыс болады деп сенемін».