Сабақтың тақырыбы: «Неліктен ІІ Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды?».
Бөлім:
XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Неліктен ІІ Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды?
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
7.2.3.1 Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың (халықшылдық, либерализм) пайда болу себептерін анықтау;
7.3.1.3 тарихи оқиғаны түсіндіру үшін «басыбайлы құқық», «декабристер», «халықшылдар», «жеке террор», «пролетариат диктатурасы» ұғымдарын қолдану
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың (халықшылдық, либерализм) пайда болу себептерін түсінеді.
Көпшілік оқушылар үшін:
Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың (халықшылдық, либерализм) пайда болу себептерін сипаттап бере біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
тарихи оқиғаны түсіндіру үшін «басыбайлы құқық», «декабристер», «халықшылдар», «жеке террор», «пролетариат диктатурасы» ұғымдарын айтып бере алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.