Сандуғаш ҚУАНЫШБАЙҚЫЗЫ
1-тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
2-тапсырма
Мәтін бойынша 10 сұрақ құрастырыңыз.
3-тапсырма
Сөйлемдерді өз шешіміңізге сәйкес толықтырып жазыңыз.
Кішкентай бала бойында ............................ сияқты бар ізгі қасиеттер болу керек.
Қыз абыройы.....................
3. Жастардың тағылым-тәрбиесіне әсер ететін .......
4-тапсырма
Cөйлемді латын әліпбиін қолданып жазыңыз.
«Отанды қорғау – еліміздегі әрбір ер азаматтың ортақ міндеті».
5-тапсырма
Мәтінді орыс тіліне аудырыңыз.
Тегінде ата-әжелеріміз ер бала дүние есігін ашқаннан-ақ отбасы алдындағы, Отан алдындағы борышын сезінуге тәрбиелейтінін естіп, көріп біліп жүрміз. Бесіктен бастап «сен – отбасыңның тірегісің, сен – еліңнің қорғанысың» деген тәрбиемен өскен жігіттің бойынан қамқорлық сезімі есіп тұрады. Еліміздің тарихына көз жүгіртсек, жаугершілік заманда білектің күшімен, найзаның ұшымен елін, жерін жаудан қорғаған, күрескен ата-бабамыздың ерлігі – бізге мұра. Міне, осындай ержүрек бабаларымызыздың ұрпағына аманат еткен кең байтақ қазақ жерін келешек ұрпаққа аман тапсыру – біздің мұратымыз.
6-тапсырма
Ел туралы берілген мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.
Акқу көлге, ер елге паналайды.
Ел артындағы шаң жұтады, Ел алдындағы май жұтады.
Ер елінде, Гүл жерінде.
Әркімнің өз жері - Мысыр шаһары.
Халық айтса, қалп айтпайды.
7-тапсырма
Сөзжұмбақты шешіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |