Халықтық педагогиканың даму бағыттары



бет1/2
Дата19.10.2023
өлшемі39,67 Kb.
#119758
  1   2
Байланысты:
Халықтық педагогиканың даму бағыттары.


Халықтық педагогиканың даму бағыттары
V-VII ғасырларда Орхон-Енисей Руна жазуымен бүгінгіге жеткен ескерткіштердегі Отанын қорғаған Тоныкөк, Білге, Күлтегін сияқты патриоттық ізгі істерімен елін қорғаған батырлардың тұлғалық болмысы кейінгі ұрпақтарға үлгі-өнеге. Бірақ бұл кезеңде алты алаш тайпасы болғандықтан, қазақ этнопедагогикасының кезеңі деу ертерек.
Екінші кезең – шартты тұрғыда VІІІ ғасырдан ХІІ ғасырға дейінгі аралық. Бұл кезеңдерде Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи және т.б. даналардың еңбектерін этнопедагогиканың негізі деп алуға мүмкіндік бар.
ХІV-ХVІІІ ғасырлардағы халықтық педагогика қазақтың фольклоры, ауыз әдебиеті арқылы дамыды. Бұл – үшінші кезең.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі кезең – төртінші кезең. М. Әуезов, М. Дулатов, Қ. Жұмалиев, Х. Арғынбаев және т.б.
Бесінші кезең – ХХ ғасырдың ІІ жартысынан ХХІ ғасыр аралығы. Ағартушы-демократ Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, С. Торайғыров еңбектеріне парадигмамен зерделеу бүгінгі этнопедагогиканың алдына қойған бірден-бір міндеті. Халықтың ең құнды деген тұстарын өз еңбегімен саралап берген этнограф – Шоқан Уәлиханов.
Шоқан – қазақ елінің мекендік сипатын анықтап, географиялық ерекшелігін айқындап берген ғалым. Шоқан Уәлиханов өзінің шежіресін кейінгі ұрпаққа қалдыру үшін «Абылай» атты еңбегін жазған. Абылай хандығының тұсында өте жаман уақыт: жоңғарлардың қазақ еліне шапқыншылығы болатын; этнопедагогиканың көзі халық педагогикасы, халық педагогикасының нұсқасын алғашқы бастау түрінде қабылдауға жәрдемдесер қазақ фольклоры және ауыз әдебиеті. Міне, осындай құнды материалды Ресей патшалығына қызмет ете жүріп, Шоқан Уәлиханов жинағаны – бүгінгі күнге дейін рухани нәр екеніне көзімізді жеткізеді, Шоқан Шыңғыс арқылы «Едіге» жырын 1841 жылы Жұмағұл ақыннан жазып алған. Бұл жыр қазақ елінің дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ырымы мен жоралғысын, салтын аудырмай баян етеді.
Кадет Корпусын бітірген Шоқан Уәлиханов Батыс Сібірдің сол кездегі генерал-губернаторы Гасфортқа адъютанттық қызмет атқарды. Шоқан Уәлихановты Россияның Географиялық қоғамы 1857 жылы мүшелікке өткізеді.
1857 жылы Шоқан Тянь-Шань тауынан аса алмайтын болған соң, алдағы көктемге дейін кейінге шегереді. 1858 жылдың майында Алматыдан Қашқарияға беттеп саяхат шегеді. Негізгі бағыты: Алматы, Кеген, Сантас, Зауқы асуы (қазіргі Пржевальский маңы), Қызылсу, Қашқар қаласы. Осындай саяхат жасауына себеп болған әртүрлі ұлттардың дәстүрін, салтын, ғұрпын, ырым-жоралғыларын жазып алу, оны қазақ елімен салыстыру. Олардың озықтық мұратын еліне ұсыну еді. Осы сапарында Шоқан Уәлиханов Қырғыздың Ыстық көлінен шығып, Тянь-Шань тауының қарлы заңғары Зауқыдан өтуі оның ұлттық ерекшелігіндегі табандылығы мен төзімділігінің нәтижесі болатын. Бала кезінде әжесіне еркелеп өскен Шоқанның кадет корпусына барғысы келмесе де әкесінің тегеурінін көргеннен кейін оның өзіне қажеттілігін түсінді, зердесінің сонау тектіліктен екендігін көрсетуі және үлкенге қарсылықты шектен тыс білдірмеуі екені, осы балалық шақтағы ұлттық ерекшеліктің, халықтық педагогика ұялатқан ұлттық сананың төзімділігіне бағдарлауы бүгінгі күнде педагогика ілімінде толерантность секілді ғылыми ұғымды туғызып отыр.
Қашқарияға сапарында Шоқан Уәлиханов ол елдің салт-дәстүрі бойынша былай дейді: «Қашқардың және Алты шәһәрдің ғұрпы бойынша, шет мемлекеттен бұл елге келгендер үйленуге міндетті. Күйеудің шығыны – қалыңдығын киіндіру». Шоқан Уәлиханов бұл елдің саяси халін, әдет-ғұрпын, салт-санасын толық жазып алып, «Қашқария», «Шығыс Түркістан», «Кіші Бұхара» деп аталатын еңбектеріндегі мекендегі ұйғыр халқының тарихы және саяси халін суреттейді. Берілген тапсырманы жетесіне жеткізе орындау халықтық педагогика уағызы екені, Шоқан Уәлиханов Қытай дәстүріндегі уақытша үйлену рәсімінен бас тартпауы өзінің ісін аяқтау үшін неден болса да тайынбайтынын өзі асқан жауапкершіліктің сезінуі екенін танытады. Шоқанның ғылыми еңбегінің қозғаушы күші болған нысандар қазақ елінің жағрафиясын айқындау болып келеді.
Л. Гумилев те кезінде осыған көңіл аударған. Тұлғаның географиялық ортасына тәуелді дегені Шоқанның ғылыми тұжырымына сәйкеседі.
Қазақ халқының жер-су мекендеріндегі ерекшеліктерді басқа елдермен салыстыру Ш.Уәлихановтың еңбегіндегі ең маңызды мәселе болып келеді. Оның 1857 жылы Қырғыз өлкелерін аралауы, көп адамда қонақ болуы себеп болған. Шоқан Уәлиханов – Жоңғарлардың кім екенін зерттеген тұңғыш ғалым және Қашқарияның еуропалық мағынасын бірінші ашып берген зерттеуші. Шоқан Уәлиханов – тілдерді меңгермей, оны зерттеуге болмайды деген пікірін Якут тілін зерттеуші Г. Огородниевке ашық айтқан әділ жан. Ал өзі барлық түркі тілдерін жақсы оқи алған. Бұл ойды дәлелдейтін зерттеушінің өз сөзі болмақ: «Жоғалып кету қаупі бар бірталай тілдер бар. Бұндай көріністі біз ноғайлар мен башқұрт тілдерінен көреміз. Олар қазір нағыз татар тіліне айналды. Даланың атақты музыканттары – башқұрт сыбызғылары – тыңдаушыларының көзінен жасын ағызатын күйлерді орындамайды. Олардың аузынан «Алтын Орданың құлауы туралы жырларды» естімейсің. Қазақтар да қазір іруде, қарақалпақтар жоғалып барады, татар ескілігі дүние жүзінен жойылу қаупі бар» - деген.
Шоқан Уәлиханов Абай тілімен кемелденген тұлға, өз елін, Отанын сүйген және басқа жұрттың, халықтардың этникалық сипатының сақталып қалуына, ілгерішіл мұраттар мен мұрағаттардың, жәдігерлердің, рухани құндылықтардың кейінгі ұрпаққа шашаусыз жетуіне ерекше қамқорлық көрсеткен Дара туған елінің Адал Азаматы.
«Ағартушы» деген атақты Шоқан Уәлихановқа қазақ халқын орыс халқының мәдениетіне, ғылымына және біліміне жақындатуды көздеді дегенмен байланыстырылды. Ағартушылықтан гөрі ғалым-зерттеушілік бағамы басым, оны дәлелдеудің өзі қиындық келтірмейтінін жоғарыдағы Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбектерінен байқауға болады. Оның бастау көзі – халықтық педагогика құндылықтары.
Қазақ әдебиетінің классигі, кемел парасаттың өкілі Абай Құнанбаевтың тұлғасы демократ-ағартушы ретінде танылып келді.
Абай Құнанбаев туралы тұжырым барлық оқулықтарда былай болып келді: «Қазақ халқының ұлы ағартушылары орыс халқы мен қазақ халқының достығын күшейтуге бағалы үлес қосты. Олар өз халқына: орыс еңбекшілері де помещиктерден, капиталистерден, патша үкіметінің отаршылдық саясатын еш уақытта қолдамағанын, қайта оған күшті қарсылық көрсеткенін, ұлттық және әлеуметтік қысымға түскен қазақ халқына, басқа да сондай халықтарға шын тілектестікпен қарайтынын жете түсіндірді» - деген баға берілген.
Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев көп азап көрген қазақ халқы екі бірдей қысымнан орыс халқының көмегі арқасында ғана құтыла алады деп білді. Сондықтан, деді олар, қазақ халқы орыс халқымен жақындасып, оның тілін, мәдениетін, тұрмыс жайын үйренуі керек.
Орыс тілін үйрену қазақ халқына өмірлік қажет болды, өйткені ол қазақты орыстармен онан сайын жақындастырып, екі халықтың достығын күшейту үстіне, қазақ халқына орыс және дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің сарқылмас қазынасынан пайдалануға кең жол ашты. «Орысша оқу керек, - деп жазды Абай. – Хикмет те, мал да, ғылым да – бәрі орыста тұр. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі: олар дүниенің тілін білді... сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады... Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі». Бұндай ұстанымды бүгінгі оқулықтардан да кездестіруге болады.
Абай Құнанбаевтың орыс тілін ана тілінен жоғары қойды деуімізге ешбір негіз жоқ екенін 25-қара сөзінен байқалады.
Біріншіден, «жеріміз дәрілхарап болып тұр» дейді. Бұл сөз тіркесінен қазақ жері Ресей империясының меншігіне айналды дегенді қазақтың төл сөзімен емес, шет тілінен кірген ұғыммен келтіруінде ерекше мән бар. Биліктің бәрі орыста болғандықтан, орыс тілін үйренсең де үйренесің, үйренгің келмесе де үйренесің дей отырып, орыс тілін үйренудің үш тұғырлы мақсатын айтып өтеді:
- орыс тілін еліңе қорған болу үшін үйрен;
- орыс тілін еліңнің намысын қолдан бермеу үшін үйрен;
- орыс тілін олардың дауына араласқан уақытта дәйекті дәлел айту үшін үйрен, орыс тілін сол елдің мәдениетін меңгеру үшін және ой-өрісің әлемдік деңгейге жетілу үшін үйрен.
Қазақ мектептерінде халықтық педагогика құндылықтарымен берілмей, Абай ілімін басқаша ұстанымда алып келген, негізінде, оқулықтарда таптаурын болған тұжырым орыс тілін ана тілінен басымдықта алмағанын осы 25-қара сөзден аңғарылады. Абай Құнанбаев ағартушы-демократтық идеясымен шектелмейді, данышпан, кемел парасаттың кемеңгері екенін бүкіл әлем таныды.
Абай Құнанбаевтың философиялық ой-пікірлерін айтпаған күнде таза қазақ елінің халықтық педагогикасына қосқан үлесі ерекше. Бұндай қорытынды жасауға себеп болар еңбегі: «Біраз сөз қазақшылық түбі қайдан шыққаны туралы». Бұл еңбегінде Абай Құнанбаев: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурыздама қыламыз деп, той-тамаша қылады екен. Сол күнді «ұлыстың ұлы күні» дейді екен. Бұл күнде бұл сөз құрбан айтына айтылады, ол уақытта жер-сулардың атаулары да бұзылыпты. Жай жатқан момын қазақтың «Аруақ аттаған оңбайды», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» деп барымташыны мақтауы Шыңғыстан соң болса керек». Аталған ой-пікір таза халық педагогикасына қатысты. Сол секілді Абай Құнанбаев Шыңғыс тауда Шыңғысханды отырғызып хан көтергенін айта келіп, хан көтерген 12 қазақтың ішінде Майқы бидің бар екеніне тоқталады. Содан «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген мақалдың шығуына анықтамалы негіздеме береді. Шыңғыстың нөкерлерінің бәрі де татар-қазақтар болып келгеніне және олардың дәстүрлерінде кішкене кезінен бастап балаларды шыдамдыққа, төзімділікке баулитынына Шыңғысханның көңіл бөлгені жайлы да Абай Құнанбаев дәйектеме береді. Барлық татар-қазақтан жасақталған жасауылдарын Шыңғыс Жошы деген үлкен баласына билеткені туралы да және Көр ханды өлтіріп; ұйғыр жұртын алғанына, Азияның тереңіне дейін барғанына тоқталады. Осыдан мақал болып қалған: «Жылан жылы жылыс болды, жылқы жылы ұрыс болды, қой жылы зеңгер тоғыс болды» дегенді, «Самарқанның Сар жолы, Бұланбайдың тар жолы» дегенді дәлелдеп береді. Бүгінгі таңда барымта, ауыл шабу, еш шаруамен шұғылданбау, өнерге үйренбеудің түп тамыры Шыңғысханның билігімен келген зұлмат екенін Абай Құнанбаев ашып көрсетеді. Міне, қазақ халқына көлеңке түсіріп жүрген барымта Шыңғысханның билігімен келгені байқалады.
Үш жүзге бөлінуін Абай Құнанбаев былай дәлелдейді: «Әмір-Темір нәсілінен Құмар Шаих баласы, белгілі Бабыр патшаның шешесіменен бір туысқан екі бауыры болған. Үлкені Ташкентке хан болып, кішісі қазақты билеген. Бұлар Шағатай нәсілінен Жүніс ханның балалары болған. Сол қазақты билегеннің аты Ахмет екен. Сол өз уақытында аттанысқа жарарлық қазақтан үш жүз әскер шығарып, үш жүз басшыға билетіпті. Әр жүздің халқы өз ынтымағыменен бір туысқанға есеп болыпты. Қазақтың «Үш жүздің баласы» дейтұғыны сол.
Ыбырай Алтынсарин секілді Абай Құнанбаев – өз елінің халықтық педагогикасына зор үлес қосқан хакім. Біріншіден, халықтың жадында сақталған мақал-мәтелдерге ғылыми негіздеме жасап, оның өміршеңдігін жеке, ескіргенін дәлелмен жіктейді. Екіншіден, халықтық педагогикада «тән», «жан», «рух» секілді ұғымдарға қатысты өзінің философиялық пайымын түзеді. «Тән жанға үй болса, адам – хайуан», «Көңілде сенім, көкіректе сәуле жоқ, оның хайуаннан несі артық», «Ұялмас бетке талмас жақ береді», «Шығар есебін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп қалып, қамалып, қалмақ, ол өзі де – бір антұрғандық және жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі - өзі де қайғы» және т.б. көлеңкелі тұстарды сынауы халықтық педагогикадағы дәстүрлер мен әдет-ғұрыпқа сай еместігін дәлелдейтін ой-түйінді тұжырымдар. Сонау заманнан дәстүрге айналған кемелді, парасаттылық болмысты қайта «тірілту», жаңғырту үшін Абай Құнанбаев өзінің барлық еңбектерін арнаған. Абай Құнанбаев еңбектерінің тақырыбы біреу, ол – қазақ халқының ежелгі озықтық дәстүрлерін, әдет-ғұрпын жаңа қоғам мүддесімен сабақтастықта алу. Аталған көлеңкелі іс-әрекетке қарсы құралы ретінде Абай Құнанбаев: «Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, байлаулықтың жоқтығынан азады. Білсе де арсыз, қайратсыздығынан ұстамай кетеді – деген ой түйген.
Абай Құнанбаев халықтық педагогикаға қосқан үлесі әлі де болсын терең зерттеуді қажет етеді. Мұнымен бірге «Кемелді адам» үлгісін құруының өзі тектіліктің белгісі дей отырып, көзімен көрген, жүрегіне түйген халықтық педагогиканың классикалық түрін кейінгі ұрпаққа жеткізуші тұлға.
Абай Құнанбаев – ұлттық мүддені ұстанып, әлемге қадам басқан рационалист, ғұлама, шығармаларында онтология, адам тұлғасына қатысты даналық ой-түйіндерінің бүгінгі ғылым мен білім кеңістігінің талап-мүддесіне үндестіре білген кемеңгер.
Адамның заманынан озық кете алмауы жайлы топшылаулары, махаббат сезіміне Абайдың өзіндік дүниетанымының түзіліп келуі, ақыл, қайрат, жүрек (сезім) арасындағы тартыстың өзін адамдар арасындағы қайшылықты мәселені шешудің логикалық кілті деп есептеген. Сезіну, түйсіну мәселелерін де өз шығармаларына тірек көздері ретінде қолданған Абай ұлттық психология ілімін жасаған.
Үшінші демократ-ағартушы ретінде Ыбырай Алтынсарин аталады.
Қазақ балалары мен орыс балаларының бірге оқытылуын әрдайым жақтап, соны жүзеге асырған, Ы. Алтынсариннің талап етуі бойынша, 1879 жылы Торғай облысының халық ағарту комиссиясы әрбір уездік қалада екі класты орыс-қазақ училищесін ашу керек, оның қасында 50 қазақ баласы тұрарлық интернат болу керек деп ұйғарды.
1879 жылы Ыбырай Алтынсарин Торғай облысының халық училищелерінің инспекторы болып тағайындалды.
Жаңа мектептер ашу мәселесін зерттей келіп, мынадай ұсыныс енгізді: «Біздің пікірімізше, ең алдымен қырғыз даласына жалпы отандық орыс тілі мен орыс оқуын енгізуге қамқорлық жасау керек; ал бұларды қырғыздардың өздерінің қалың ортасында ашылған орыс-қазақ халық училищелері ғана бәрінен де жақсы тарата алады...».
Алтынсарин орыс-қазақ қыздарының мектептерін, қазақ жастарына арналған қолөнер – техника мектептерін ашуға да жетекші болды. Бұл мектеп-интернаттарда қазақ кедейлерінің балалары да оқи алды.
Ыбырай Алтынсарин аса көрнекті педагог, ағартушы қайраткер. Өзінің бүкіл өмірін қазақ халқы арасында өнер-білім тарату, оны алдыңғы қатарлы орыс мәдениетіне жақындату, орыс халқымен достықты күшейту жолына арнады. Ол: «Қазақ халқының қолы жететін бақыт алдағы уақытта оның үстем орыс халқымен іштей үйлесуінде, орысша қазақша білім алу арқылы рухани және экономикалық тұрғыда өсіп өркендеуінде» - деп білген.
Алтынсарин ауылдардағы орыс-қазақ мектептерінің негізін қалаушы болуының үстіне, орыс графикасы негізінде өзі жасаған алғашқы қазақ әліппесінің авторы болды. Осы жаңа әліппе негізінде ол қазақ тіліндегі алғашқы оқу кітабын – 1879 жылы басылған «Қазақ хрестоматиясын» шығарды.
Ыбырай Алтынсарин жаңа әліппені орыс-қазақ мектептерінің жұмыс практикасына енгізіп, алғаш рет қазақ балаларын дыбыс әдісімен ана тілінде оқытуды жолға қойды. Мұны енгізгенде ол әрдайым әрбір орыс-қазақ мектебінің балаларға, олардың күнбе-күнгі қызметінде пайдалы болатын білім беруін көздеді. Ол осы қағидамен құрылған мектеп қана халық арасында толық беделді болып, орыс білімінің артықшылығын көрсете алады деп есептеді.
Алтынсарин педагогтық қызметте ғана емес, аса көрнекті прогресшіл қоғам қайраткері ретінде де көп еңбек етті. Орыс педагогикасы классиктерінің идеяларын творчестволық терең түсіну дәрежесіне жеткен Алтынсарин қазақ даласындағы мектептердің жұмысын осы демократиялық негізде ұйымдастыра білді. Мұның өзінде ол қазақ халқының күнбе-күнгі қажеті мен өмірлік мүдделерін, оның тарихи дамуының келешегін көздеді. Алтынсариннің ағартушылық идеяларын қалың халық толық қолдады. Ыбырай ашқан әрбір жаңа мектеп қазақ халқының қуанышты мерекесі болатын.
Алтынсарин хаттарының бірінде: «Қазақтың жас ұрпағы орыстың тілі мен оқуын мәдениет пен білімге жеткізетін бірден-бір тіл деп білетін, оны құмарлана үйреніп, жетілетін болады», – деп жазды.
ХІХ ғасырдың аяғында сол кезде қазақ даласында орыс-қазақ мектептерінің бірнеше түрі болды:
1) екі жыл оқытатын ауылдық мектеп;
2) төрт жыл оқытатын бір класты болыстық орыс-қазақ училище;
3) алты жыл оқытатын екі класты орыс-қазақ училищесі.
Әлемдік әдеби шығармалардан үлгі-өнеге алған Ыбырай Алтынсарин – оны қазақ балаларына білім меңгерту әрекетіне ұтымды пайдаланған тұлға. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі де халықтық педагогика негізінде қаланған. Ыбырай Алтынсариннің әрі ықшам, әрі көркем новеллалары педагогикалық мақсатқа жүгінгенімен, көркем шығарма ретінде халықтың ең игі дәстүрлерін ілгерілету сыңайында қолданылған. Ыбырай Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы», «Киіз үй мен ағаш үй», «Қыпшақ Сейітқұл» тағы да басқа шығармалары арқылы бұрынғы заманды көксей беру тұрғысында жазылмай, қоғам өзгерістеріне орай жаңаша дүниетаныммен өрілген. Балаларды оқытудағы мақсат не? – деген сұраққа жауап беретін еңбек тәрбиесі, ой қызметін арттыру тәлімі, ізгілікке бастау болар құнарлы, тұғырлы істер Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінің өзегі болып келеді. Ыбырай Алтынсарин еңбектеріндегі «дидактикалық нысан» «оқыңдар» деген етістікпен байланысты. Оқу іс-әрекетіне Ыбырай Алтынсарин сол оқуға қызықтырудың әдіс-құралын таба білген.
Ежелгі түркі қағанатынан бері қарай табиғатқа қамқорлықпен қарау және оның әдемі бейнесін көркем сөз құдіретімен көмкеру – халықтық педагогиканың негізгі қағидасы. Осындай қағиданы Ыбырай Алтынсарин «Жаз шыққанда» өлеңімен суреттейді. Қазақ аулының көктемдегі тіршілігі қуанышпен сабақтасып келеді. Көктемдегі көркемдік пен рақаттың бәрін құдірет сыйлаған мейір деп ұғуы ақындық позицияның ұлттық ерекшелікке сәйкестілігінде.
1879 жылы Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінде оқушылардың білім арқылы тәрбиені дұрыс алуына әртүрлі мәтіндемелер жинақталып беріледі. Бұл кезде Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ балаларының оқуды орысша оқуына бейімдеп, қиындықтарды жеңудегі ата дәстүрінің ең бір тұрақты түрі шыдамдылық пен сабырлыққа шақыруы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық феномендік тұжырымы болып есептеледі. Жалпы халықтық педагогикаға қатысты өлеңдеріндегі тұжырымдары төмендегі түзілімдей болып келеді:
1) Істің болар қайыры // Бастасаңыз алдалап, (күнделікті өмірдегі қолданылатын сөз)
2) Оқымаған жүреді // Қараңғыны қармалап (халықтық педагогика)
3) Оқығанды көңілге // Ықыласпен тоқылық.
4) Мал – дәулеттің байлығы, // Бір жұтасаң жоқ болар.
5) Оқымыстының байлығы, // Күннен-күнге көп болар (салыстыру да халықтық педагогикаға жатады)
6) Аяңшыл ат арымас, // Білім деген қарымас...
7) Жөн білмеген наданға // Қыдыр ата дарымас (халыққа таныс ұғымдарды қолдану)
8) Аты жоқ құр арбаны // Мың шақырым жерлерге, // Күн жарымда барғызды.
«Асыл шөп» әңгімесінде Бәтимә мен Зылиха атты қыздардың сабырлылықтың мәніне қатысты іс-әрекеттері суреттеледі. Ыбырай Алтынсарин – өзінің еңбектері арқылы оқу-білімге құштарлықтың бірден-бір бастау көзі ежелден тұрақталған халықтық педагогикаға қатысы бар еңбек ету, тапқырлық, ұшқырлық, тәуелсіздік, сөз өнерін түсіну, ойға білім жию секілді озықтық іс-әрекеттерді жаңа қоғам (Ыбырай заманы) талабына сай қиюластыра білген шебер жазушы, педагог, ағартушы.
Халықтық педагогика ілімінің құндылығын ұтымды пайдалануға негіз болатын С. Торайғыровтың еңбектерінің алар орны да ерекше.
«Кім жазықты?», «Адасқандар», «Айтыс», «Таныстыру» секілді шығармаларының атауларының өзінен ақынның нені меңзеп тұрғанын аңғару оңай. Әңгімелерінің өзінде еліне деген жан-жүрегінің сүйіспеншілігін ащы ой-түйіндерімен білдіретіні байқалады. Мәселен, «Зарландым» әңгімесінің жанрлық ерекшелігіне кіріспе сөзін айтып өтіп, тура бидей шындықтың бетін ашып береді:
«Роман деуге болады мұның өзі, //Фельетон тәртібінше әрбір сөзі//. Құрылған надандарға мысал-айна // Не шара соқыр болса көңіл көзі» [1].
Ұсынылған жолдардан ұғарымыз «Көңіл көзі» деген тіркестің болып тұрғаны айқын. Сол себепті тұтас алып талдаса, қазақи тұспалмен ой өрнегі аңғарылады, ақынның шерлі жүрегінің шырылы көпшілік қауымның көңілі білім мен ғылым деңгейімен бағаланып, олардың көңіл көзінің соқыр екені адам сипатында өріліп тұр. 
Ежелгі қазақ халқының балаларға ерекше мән бергеніне мән беріп, оның ұлтқа тән болмысын үшке бөлген:
Біріншісі: жасынан бір ауыз ғылым оқымаған, әліпті таяқ деп те білмейтін, айуан секілді ішіп-жеп, мал бағып, өсек аңдып, айтуға ауыз шошитын неше түрлі бұзық мінездерменен қараңғылықта күнін өткізіп барады.
Екіншісі: бұрынғы аяң молда, надан қожа ишандардың жолымен кетіп, атсаң оқ, айтса сөз өтпейтін миларын шатастырған қияли болады.
Үшіншісі: - біздер. Біздер-дағы сахарадағы өмір өткізген қазақтың көк өрім қыршын жастарымыз. Ең әуелі бұрынғы атақты молда, аруақты қожалардан оқып, кішкенелерімізге әліп үсүн ән (әріп үйретудің бір тәсілі) «кесік бас», «тақи ғажап» (татар тіліндегі кітаптардың аттары) секілді пайдасыз кітаптардың санын түзе алмай, миымыз шіріп, алтыннан аяулы асыл өміріміздің ең қымбатты уақытын босқа кетіріп, әбден шатасқан едік. Сол уақытта ілгері басқан аяғымыз кейін кетіп, оқығымыз келмей, есалаң кісідей не ғып, не қойғанымызды да аңғармап едік.
«Кім жазықты», «Адасқан өмір» сияқты шығармаларының идеялары пәлсапалық мәнде жазылған. Қазіргі адамдарымыз өз-өзін тануға ерекше маңыз беруде. Бұл идея аталған екі шығармада айқын суреттеледі.
С. Торайғыров халықтық педгогикада сәбилік кезеңнен бастап оның балиғат, жасөспірім, жігіттік, бойжеткендік, толысқандық, егделенгендік секілді жас ерекшелігіне сай интеллектуалды әлеуетінің параллельді өсу, өркендеу үдерісін қадағалау секілді ізгі тәрбиесінің ХІХ ғасырда көмескіленуіне мән берген.
«Адасқан өмір» дастанында сәбидің, балиғат жасына жетуне (15 жасқа) дейінгі аралықты отбасылық заңдылықтарға тәуелді өсіп-жетілуіне тоқталған. Сәбилік кезеңді С. Торайғыров «жұмақ періштесі», «көңілі таза» «қастықты білмейді», «жүрегінде түкпір жоқ сүюден бос секілді» және т.б. сипаттармен суреттейді. ХІХ ғасырдың өзінде бұрынғы қазақ халықтық тәрбиенің ізі бар екеніне мән берген.
Баланың 15 жастан 30-ға келу кезеңіндегі жасөспірімдіктен толылу үдерісіндегі өмірдегі өзін-өзі табуы мен тануы бұрынғы халықтық тәлімге сәйкеспейтін тұғынын айқындап, өлең өрнегімен келтірген:
«Толған мақсат, толған таңдау, // Көзі нұрлы, ақ меруерт – бүтін түсі. // Шашы қара сүмбілдей, бойы түзу // Сәуле шашып тұрады жастық пішін... //». Сыртқы пішінді С. Торайғыров ішкі ұстаныммен суреттейді:
«Мен емес, тәнім тірі, жаным өлік, // Ірі мақсат болмаса, ұсақ іске. // Неге ме алдакойын уақыт бөліп ...»
15-30 жасқа дейін толысқан кезеңдегі жігіттік кезеңде ер азаматтың кәсіп іздеудегі бұрынғы халықтық педагогикадағы желіден ажырап қалу, адасу жолының басын С. Торайғыров поэтикалық өріліммен суреттейді:
«Әкіммін, құдайшылмын әскермін деп, // Еңбексіз еңбекшіні жалмау болмас, // Бір тілім нан алуға байды мақтап, // Жалынып тұс-тұсынан аңдау болмас».
Қоғамда әділетсіздік қанат жайса, онда жігітке әкім болудың жөні жоқ дегенді аңғаруға болады. Автор оған: «Кім жазықты?» - деген тегеурінді сұрақ қояды.
Діни өкіл, әскер басы және т.б. кәсіпке ие болуда кездесетін көлеңкелі іс-әрекеттерге жауап іздейді. Оның бәрі дерлік халықтық педагогикадағы ізгілікті жан болмысының жаппай тәрбие үдерісінен жойылуымен түсіндіріледі. Оның себеп-салдарын С. Торайғыров мына жолдармен суреттейді:
Мен тоқтадым (30-дан 60-қа дейін) «Ақ ниет, адал ойлар түкке тұрмай, Барады ешкім оған мойнын бұрмай, Әділдік орнамасқа көзім жетті, Дүниеден ет жейтұғын ауыз құрымай //...
Халықтық педагогикадағы адамгершілік, ізгілік тәлім-тәрбиесінде әрбір жасөспірімнің толығу кезеңінде басқаның ала жібін аттамау, адал болу» секілді іс-әрекеттер ХІХ ғасырда өз мәнін жоя бастағанын С. Торайғыров меңзеп тұр.
Ежелден ХІХ ғасырға дейінгі сақталып келген халықтық тәрбиедегі құндылыққа зәру болған С. Торайғыров ішкі зарын дастанда былай өрнектеген:
«Соғұрлым сағындырып әділдікті,
Соғұрлым көбейтпей ме өш пен қасын? //
Әділ болып байқадым, не өндірдім?
Бұл басым залым болып бір байқасын! //
Лирикалық кейіпкер арқылы С. Торайғыров замана мүддесінде қоғамдық әділетсіздік орнаса, әділетті адамның өмір сүруіне мүмкіндік жоқ екенін дәлелдеп тұр. Кешегі жүрегі, жаны періште сәби 15-30-ға дейін өмірден опық жеу, қиындық көруден көз ашпайтыны жайлы автор адасудың себеп-салдарын аша түскен.
Халықтық педагогиканың рухани-ұлттық құндылықтарының келмеске кетуін жігіттік кезеңде кәсіп таңдаудан меселі қайтқан адамның қияли баз кешуі өзін-өзі таба алмауымен түсіндіріледі. Бір жағынан адасу, екінші жағынан оған кім жазықты деген сауалға жауап іздеуге оқырман қауымды ұмсындыру іс-әрекетіне шақырады. Бұл орайда, этнопедагогиканың «Кім боласың? – көкейкесті мәселесін бұрынғы халықтық педагогика тәрбиесінен ажырамау, адаспау, тұрғысында шешілетініне С. Торайғыров бағдар жасайды.
Сәбиліктен балиғаттық, балиғаттықтан жігіттік, жігіттіктен тоқталу, тоқтату кезеңінен егдейлік, егдейліктен кәрілік, кәріліктен өлік секілді жас ерекшелікті С. Торайғыров «Адасқан өмір» дастанында данышпандық мәреде жіктеп өткен. Жас жағынан өрлеу динамикасы аңғарылғанымен кәсіп таңдауда барлық таңдаған кәсібінен айну, бас тарту секілді амалдары аңғарылады. Оның бір ғана себебі бар, ол қоғамдағы белең алған әділетсіздік. Әділді болудың іргетасы – ізгілікті тәрбие. Міне бұл құндылық жойылса, барлық қазақ халқының болашағы тұман, бұлдыр дегенді автор меңзеу, тұспалдау тұрғыда сипаттап тұр. Бұл дастанның IV бөлімінде «Мен кәрі» деген тақырыбында С. Торайғыров лирикалық кейіпкердің тән қуатының тозуы, құлдырауы суггестивтік бейнемен суреттеледі:
«Бұл күнде ұйқы – тамақ, қайғы – жолдас,
Мұндай өмір ешкімге қызық болмас, //
Мен үмітсіз һәм мен менен жұрт та үмітсіз,
Сөйлеспейді дегендей: «Мынау оңбас»//...
«Соны істеп кеттім ғой» деп медеу қылар,
Адамдыққа еш нәрсе бергенім жоқ. //
Бұл кезімде құрметтеп мені елерлік...
Жұрт үшін еткен қызмет, еңбегім жоқ. //
«Өлмей жасап тұрса екен» дейтұғын жұрт!
Дәрежеге еңбек етіп келгенім жоқ» //
С. Торайғыровтың бұл еңбегінде халықтық педагогика тәсілінде қарттардың өзі елге төрешілік ететін дәрежеде болса, онда олардың өмірі ұйқы, тамақ, қайғы секілді нәпсілікті өсіретін қылықтардан бойын таза ұстаған болар еді. Қарттардың төрешілікте болмауы ол сол қоғамның әділетсіздігінің нәтижесі екендігі бұл дастанда ашық көрсетілген. Көркем сөз құдыреті арқылы халықтық педагогиканың тәрбиесіндегі адамгершілік пен ізгіліктің жойылуы – жастардың кәсіпке ие болуына үлкен кедергі.
Мәселен, «Адасқан өмір» шығармасында жас нәресте жазу түспеген ақ қағаздай таза екенін айта отырып, оның мынандай пәк сезімін алгоритміне түсіреді:

  • жұмақ періштесі, көңілі таза, қастықты білмейді, көңілі хош, алдау, күндеу, айла не білмейді, жүрегімде түкпір жоқ сүюден бос т.б.

Екінші бөлімде жігіттің сипаты:
(15, 30 арасындағы жігіт)

  1. Толған мақсат, толған таңдау;

  2. Көзі нұрлы, ақ меруерт – бүтін тісі;

  3. Шашы қара сүмбілдей, бойы түзу;

  4. Сәуле шашып тұрады жастық пішін.

С.Торайғыров ХХ ғасырдың басында өмір сүргендіктен, қазақ халқының бұрынғы мәртебесінде өзгерістер болып, рухани-ұлттық құндылықтар келмеске кетіп, адамдардың қияли баз кешу сәтін өзінің шығармаларында сол құбылыстың бір көрінісі адамның өмір сүріп жатқан қоғамында әділет жоқ болса, ол өрісте өзіне ыңғайлы орын таба алмауын осы адасу үдерісі арқылы білдіріп тұр.
Сәбиліктен, жігіттік, жігіттіктен тоқталу кезеңі, тоқталу кезеңінен кәрілік, кәріліктен өлік секілді сатылау тұрғысындағы адамның ой-өрісінің іштей өрлеуі болғанымен, сыртқы ортада оған қолдау жоқтығын аталған дәйектілікпен өрілген поэтикалық жолдардан аңғарылады.
IV бөлімдегі «Мен кәрі» кезеңінде автор лирикалық кейіпкердің тән қуатының тозу, құлдырау қалпын суггестивпен бейрнелеуі байқалады. Оны мына бір үзінді арқылы дәйектейміз:
«Бұл күнде ұйқы - тамақ, қайғы - жолдас,
Мұндай өмір ешкімге қызық болмас.
Мен үмітсіз һәм менен жұрт та үмітсіз,
Сөйлеспейді дегендей: «мынау оңбас»..
«Соны істеп кеттім ғой» деп медеу қылар,
Адамдыққа еш нәрсе бергенім жоқ.
Бұл кезімде құрметтеп мені елерлік...
Жұрт үшін еткен қызмет, еңбегім жоқ.
«Өлмей жасап тұрса екен» дейтұғын жұрт!
Дәрежеге еңбек қып келгенім жоқ».
V бөлімінде «Мен өлік» сипатын автор философиялық пайыммен ой өрнегін түзеді:
1) Не болар топырағы жүрегімнің – // Тірліктегі ұясы тілегімнің?
2) Не болар бәрін көрген көз топырағым, // Топырағы миымның, білегімнің.
3) Тозған жердің атомы күлдей ұшып, // Жүргенде әлдеқайда барып түсіп,
4) Жаралатын жаңа жер, жаңа күнде, // Жан бітер ме мақұлық боп, тамақ ішіп...
С.Торайғыров шығармаларында адамның нәпсісі басымдықта келсе, ол өз мақсатына жете алмайды дегенді аңғартады. Ол нәпсіге күш беріп тұрған көлеңкелі мінез – қорқақтық, шешім қабылдауда сенімсіздік, жігер-табандылықтың жоқтығы дастанның барлық құрылымынан байқалады.
Бұндай көлеңкелі мінездің болу себептерін автор қоғамдағы әділдіктің болмауы деген қорытындымен түйіндейді.
«Адасқан өмір» әр адамда кездеспеуі үшін осындай дастанды көкейкесті мәселе ретінде жазған С.Торайғыров – қазақ елінің мәңгілік болуына үлес қосқан ғұлама ақын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет