Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Сан аралықтар. Сан аралықтардың бірігуі мен қиылысуы.»



бет1/3
Дата12.05.2023
өлшемі0,54 Mb.
#92230
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Математика 3-тоқсан 6-сынып 1642147557




Қысқа мерзімді жоспар
19-сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Сан аралықтар. Сан аралықтардың бірігуі мен қиылысуы.».

Бөлім:

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сан аралықтар. Сан аралықтардың бірігуі мен қиылысуы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.2.2.7 сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді пайдалану;
6.2.2.8 сан аралықтарды кескіндеу;
6.2.2.9 сан аралықтардың бірігуін және қиылысуын табу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді пайдалану жолдарын түсінеді.
Көпшілік оқушылар үшін:
Сан аралықтарды кескіндеу жолдарын сипаттай алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Сан аралықтардың бірігуін және қиылысу жолдарын біледі.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Сан аралықтары дегенім не?
3. Санды теңсіздіктердің 2-қасиетті?
4. Санды теңсіздіктердің 1-қасиетті?



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!»деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады

Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді пайдалануды түсіндіреді.

Презентация




Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет