Сабақ сценаийі С1 кезеңі


Тақырып 2.1 Қазақстанда және шет елдерде шағын жинақты мектептердің даму болашағы мен мәселеле



бет3/27
Дата26.06.2023
өлшемі133,1 Kb.
#103421
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Тақырып 2.1 Қазақстанда және шет елдерде шағын жинақты мектептердің даму болашағы мен мәселеле
Оқыту нәтижелері:
- ШЖМ ерекшеліктерін көрсете алады;
- проблемаларды талдай алады, Қазақстандағы және шетелдегі ШЖМ даму перспективаларын анықтайды.
Сабақ сценарийі
C1 кезеңі. «Жабысқақ дәптердегі идеялар» әдістемесі: Тыңдаушылар шағын жинақты мектептің ерекшеліктерін көрсететін идеяларды стикерге жазып береді. Әріптестер идеяның қаншалықты орынды екенін атап, кері байланыс жасайды.
C2 кезеңі.
Интерактивті дәріс.
Дәріс жоспары:
- ШЖМ ерекшеліктері
- Әр түрлі жастағы сабақтар
- Пәнаралық сабақ
Тапсырма: топтарда интернет көздерін пайдалана отырып, келесі елдердегі ШЖМ жағдайы туралы ақпаратты анық емес мәтін түрінде беріңіз:
1 топ: Финляндия
2 топ: АҚШ
3 топ: Австралия
4 топ: Ресей
Бағалау дескрипторлар бойынша:
- өз бағыты бойынша ақпарат алады;
- тұтас емес мәтін түрінде ұсынады;
- тақырыпты толық және жүйелі түрде ашады;
- шешендік өнер көрсетеді.
1) Финляндияда. Ауылдық шағын жинақты мектептерге Финиляндияда ерекше көзқарас қалыптасқан. Атап айтқанда, Лапландияда, Финляндияның байырғы халқы сами тұратын аймақта шағын мектептер көп. Лапландия үкіметі шағын мектептерге және сами тілі мен мәдениетінің сақталуына өте мұқият. Финлияндияда ең көп шағын жинақты мектептер саны Лапландия төңірегінде өмір сүретін байырғы халық саамдар тұратын жерде орналасқан. Алайда, олардың мәселелерін өздерінше шешуге әрекет жасайды. Лапандия Үкіметі шағын жинақты мектептерге, саамдардың тілін, мәдениетін сақтауға құндылықпен қарайды. Мысалы, балаларды 100 шақырымдаға мектепке дейін тасымалдайды. Лапандияда интернаттар жоқ. Балаларды тасымалдау үшін арнайы такси жалдайды, оның шығындарын муниципалитет төлейді. Лапландия аумағындағы халық тығыздығы көп емес, коныс-мекендер арасында анық шекаралар жоқ. Бұл солтүстік аймақтың өзіндік бейнесі, мұнда ертеден негізінде бұғы шаруашылығы дамыған. Сонымен қатар, Лапандия губерниясы демографиялық жағдайы да мардымды емес. Лапандияда 2008 жылғы желтоқсан айының мәліметі бойынша барлығы 670 оқушы бар, олар 13 шағын жинақты мектептерде оқыған. Кейде мұндай жағдайда оқушының саны 12 адам болғанда оқытудың тиімді түрлерін қолдануға болады: - кейбір пәндерді бір мұғалімнің басшылығымен бір кабинетте әр түрлі сынып Тыңдаушылары бір уақытта оқиды. Лапландия мектебінде 1- 6-шы сынып бастауыш мектеп болып саналады. Көптеген Тыңдаушылар 9-сыныптан кейін кәсібіи білімді таңдайды, кейде өз қалауымен өзінің мамандығы бойынша жоғары оқу орнында жалғастырады.
2) Америка Құрама Штаттары Қазақстан сияқты үлкен территориясы бар ел, онда халық саны аз аграрлық аудандар да бар, сондай-ақ ауыл мектебі әлеуметтік-мәдени орталық болып табылады. Қазіргі таңда Американың ілім беру саласындағы саясатының ерекшелігі, АҚШ-ы әрбір мектепті және ауылдағы ең кішкентай мектепті де сақтауға тырысады. Егер округтарда өте аз Тыңдаушылар қалса, онда бір бөлмелі мектеп құрылады. Шын мәнінде онда бір мұғалім әр түрлі жастағы балаларды оқытады және бірнеше пәндерден сабақ береді. Әрбір балалар жеке бағдарламамен оқиды. Мұғалімдердің материалдық жағынан ынталандырылғаны жақсы. Мұндағы ауылдағы ШЖМ мұғалімінің жалақысы қалалық мұғалімдікінен екі есе көп. Бұл мектептердің негізгі айырмашылығы. Бұл, әрине, мұғалімнің белсенділігін арттырады.
АҚШ-тағы ШЖМ мәселесі табиғи түрде шағын жинақты мектептер мәселесіне айналады. Америкада кейбір жалпы мәселелер шешілді: жол және көлік мәселесі, мектептерді заманауи байланыс құралдарымен және техникалық оқу құралдарымен жабдықтау. Бұл жерде ШЖМ мәселесі мәселе ретінде шешілмейді, әлеуеті зор оқыту жүйесі ретінде қарастырылады. Мұнда ШЖМ артықшылықтарына көбірек назар аударылатыны атап өтіледі:
– қызметтің аясының кеңдігін (мысалы, курстың бөлігін мүмкіндігінше өзінің дайындауы); 
− үлкен жауапкершілікті сезіну
− мұғалім және оқушыдардың жұмысты бірлесіп дайындауы (олар жұмысты мұғалімдер үшін орындамайды, мұғалімдермен бірігіп істеу керектігін оқушы сезіне бастайды). Мұғалімдер үшін бұл артықшылық былай көрінеді:
– өз жұмысын үлкен нәтижелілікпен сезінеді; 
− директор мен мұғалімдер арасында әкімшілік кедергіні бұзады; 
− оқыту қызметін басқарудың демократиялық моделін қалыптастыру; 
− оқыту барысының жүзеге асыруын қадағалау; 
− «мектептік отбасы» қалыптасуын сезіну. 
Сондай-ақ АҚШ-та ШЖМ-ті қолдайтын әртүрлі бағдарламалардың құрылып, жұмыс істеп жатқаны жақсы.
3) Австралияда. Ірі мектептер бірлесіп жұмыс істеу, шағын жинақты мектептерді жабудан немесе біріктіру қажеттілігінен құтылу үшін, неғұрлым ірі мектептердің обьектілерін пайдалануды, ол мектептер басқа шағын мектептерге қарағанда жақсы жабдықталған. Квинсленд штатының көрнекі үлгі көрсеткендей, неғұрлым ірі мектептер желілік сапада қызмет етіп, ал шағын жинақты мектептерге «жеткізуші» немесе «серіктестік» болып табылады. Шағын жинақты мектеп Тыңдаушыларын үлкен мектептерге бөлінген график бойынша транспортпен қамтамасыз етіледі. Обьектіні бірігіп пайдалануда шағын жинақты мектеп Тыңдаушылары оқытудың кең көлемді бағдарламасымен, сондай-ақ би, денешынықтыру, информатика, сурет салу пәндерінен практикалық сабақтарды жүргізуді алдын ала қарастырады. Бұл амал шағын жинақты мектептерді жабуға мүмкіндік береді. Австралияда шағын мектептердің жаңадан тағайындалған директорлары әдетте жұмыс орнында оқып үйренеді. Бұл оқыту формалды және формалды емес әдістер мен технологияларды, тәлімгерлікті және кластерлік механизмдерді қолдануда әр түрлі мектептердің мұғалімдері мен директорларын байланыстырады. Австралияның барлық үлкен білім беру ұйымдары қажеттілікті қанағаттандыратын және шағын мектептердің проблемалары мен олардың басшыларының, сондай-ақ барлық мектептердің директорларының контекстуальдық мәселелерін шешуге әр түрлі бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламалар негізгі топтарға бағытталған (мысалы, бірінші басшылық қызметке алғашқы тағайындалған адамдар), мәселелер бойынша (мысалы, оқыту және сабақ беру) және оқытудың әр түрлі әдістері қаралады (мысалы, коучинг, талқылау үшін онлайн – топтарға шақырылғандар). Университет қызметкерлері және Виктория университетінің студенттері этникалық аз қамтылған және көп балалы отбасының мектеп Тыңдаушыларының оқытуды арттыруға байланысты шараларға қатысады. Австралияда, Швецияда, Португалияда және басқа елдерде шағын жинақты мектептер мәселесі үлкен мектептермен және кластерлермен ынтымақтастық арқылы шешіледі, олар үлкен мектептердің материалдық-техникалық базасын ортақ пайдалануға бағытталған. Бұл Қазақстанда бар ресурстық орталықтар жүйесін еске түсіреді. ШЖМ-тің ірі мектептермен ынтымақтастығы шағын мектептерді жабу және біріктіру қажеттілігін жояды. Үлкен мектептер орталық ретінде қызмет етеді, ал кішігірім мектептер өзіндік «спутник» болып табылады. Шағын жинақты мектептердің Тыңдаушылары белгілі кесте бойынша көлікпен қамтамасыз етілген. Мүлікті ортақ пайдалану шағын жинақты мектептердегі Тыңдаушыларға би, дене шынықтыру, информатика және бейнелеу өнері сияқты пәндер бойынша практикалық сабақтарды қамтитын кеңірек бағдарламада оқуға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл шағын жинақталған мектептердің жабылуын болдырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет