Сабақ сценаийі С1 кезеңі


тақырып. Біріктірілген сынып-комплектілеріндегі пәнаралық кіріктіріп оқыту



бет6/27
Дата26.06.2023
өлшемі133,1 Kb.
#103421
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

2.4 тақырып. Біріктірілген сынып-комплектілеріндегі пәнаралық кіріктіріп оқыту


Оқыту нәтижелері:


Шағын жинақталған мектептің біріктірілген сынып-жинақтарында пәнаралық кіріктірілген оқытудың ерекшеліктерін біледі;
Шағын жинақталған мектептің біріктірілген сынып-жинақтарында пәнаралық кіріктірілген оқытудың артықшылықтарын пайдаланады;
Кіріктірілген сабақты жоспарлауды талдайды.

Сабақтың сценарийі


С1 кезеңі. Байланыстыру
«Ассоциация» әдісі. «Кіріктірілген оқыту» тақырыбына ассоциациялар жинау. Ассоциацияны ШЖМ білім беру үдерісінің ерекшеліктерімен байланыстыру.
С2 кезеңі. Теория
Жоспар бойынша интерактивті дәріс:
Пәнаралық кіріктірілген оқыту ерекшеліктері
Пәндерді кіріктіру түрлері.
Дәріс Дәріс далог режимінде өтеді.
Оқу жоспарына сәйкес, оқылатын пәндер тізбесі мен ШЖМ-да меңгеруге бөлінген апталық сағат саны бірдей емес. Бұл ШЖМ-да екі немесе одан да көп сынып оқушылары үшін көппәндік сабақтарды бір мезгілде өткізу қажеттілігін талап етеді, бұл оқу материалының мазмұнын пәнаралық кіріктіруге ықпал етеді. Бір ұғымды оқып-үйрену кезінде екі немесе одан да көп пәндерді бір уақытта оқытуды біріктіретін сабақ түрі кіріктірілген сабақ болып табылады, мұнда пәндердің бірі жетекші, ал қалғандары көмекші болады.
- Кіріктірілген сабақ негізінде не жатыр?
Кіріктірілген оқыту сабақтар жүйесіне негізделеді, оның мақсаты әр түрлі пәндерден алынған білімді біріктіру және оқушылардың оқылатын материалды жинақталған қабылдауын ұйымдастыру арқылы олардың мәнін ашу. Мұндай сабақтар білім беру мазмұнының негізгі элементтерін оқшаулауға мүмкіндік беретін, тірек идеяларды, тұжырымдамаларды, оқу әрекетінің әдістерін дамытуды қамтамасыз ететін пәнаралық байланыстарға негізделуі керек. Кіріктіру, бір жағынан, «тұтас әлемді» көрсетуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан, бейіндік саралау үшін пайдалануға болатын оқу уақытын босатады.
Кіріктіруді тік және көлденең деп бөлу маңызды сияқты.
- Тік және көлденең кіріктіру дегенді қалай түсінесіздер?
Көлденең кіріктіру осы оқыту сыныбының пәндерін біріктіруді қарастырады.
Тік кіріктіру әр түрлі оқыту жылдары бағдарламасынан біртекті материалдарды қамтиды.
Пәнаралық кіріктіріп оқыту:
- оқыту үдерісін оңтайландыруға;
- оқыту үдерісінде нәтижелілікті арттыруға;
- тұтас дүниетанымды және әлем туралы ұғымның жүйелілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді;
- пәндік білімдерді жақындастырудың ортақ платформасын табу.
Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерді кіріктіріп оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар Нұр-Cұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы. Алтынсарин, 2022. – 200 б. (Портфель 2.4)
Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) кіріктіріп оқыту. Оқу-әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2016. – 300 б. (Портфель 2.4)
https://multiurok.ru/files/integrirovannyi-urok-metodika-podgotovki-i-provede.html
https://cyberleninka.ru/article/n/osobennosti-integrirovannogo-obucheniya-v-nachalnoy-malokomplektnoy-shkole/viewer
Тақырып бойынша презентация жасау. Топтардағы жұмыс.
Тапсырма.
«Шағын жинақталған мектептің біріктірілген сынып-жинақтарындағы кіріктірілген сабақтың артықшылықтары» тақырыбы бойынша презентация жасау. Интернет көздерінен материалдарды пайдалануға болады.
Презентацияда тыңдаушылар келесі тұстарды көрсету тиіс:
Кіріктірілген сабақтардың артықшылықтары, олар:
- оқушылардың оқу уәжін арттыруға, оқу әрекетін, танымдық қызығушылығын, әлемнің тұтас ғылыми кескінін қалыптастыруға және құбылысты бірнеше қырынан қарауға ықпал етеді;
-көп жағдайда сөйлеуді дамытуға, оқушылардың салыстыру, жалпылап қорыту, шешім шығаруын қалыптастыруға, оқу-тәрбие үдерісін қарқындандыруға, ықпал етеді, артық күш жұмсауын азайту, қайта қалыпқа келтіреді;
- пән туралы түсінігін тереңдетіп, дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, сонымен бірге жан-жақты дамыған, үйлесімді әрі зияткерлігі дамыған тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді;
- кіріктіру фактілер арасындағы белгілі бір шешімдерді бекітетін немесе тереңдететен жаңа байланыстарды табудың, әр түрлі пәндерде оқушыларды бақылаудың дереккөзі болып табылады.
Мұғалімдер мен оқушылар үшін біріктірілген сыныптарда пәнаралық кіріктіріп оқытудың мынадай артықшылықтары бар:
- пәндік саланы әр түрлі деңгейде, нақты егжей-тегжейлілік жағдайында меңгеру;
- оқушылардың назарын әр түрлі сыныптарда оқыса да, бір пән ішінде ұқсас тақырыптар мазмұнынан аудару мүмкіндігі;
- дәстүрлі емес проблемалық жағдаяттарда талдау және шешім қабылдай білу дағдыларын дамыту;
- білім деңгейіне сәйкес әр түрлі өзіндік жұмыс түрлерін орындау;
- оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі деңгейдегі күрделіліктегі өздік жұмысына жағдай жасау;
- оқыту кезінде өзара көмек көрсету үдерісінде оқушылардың ұжымдық қарым-қатынасының мүмкіндігі;
- оқушылардың өзара тексеру, өзін-өзі тексеру және өзін-өзі бағалау механизмдерін меңгеруі;
- төменгі сынып оқушыларының жұмысын тексеру және бағалау үдерісінде жоғары сынып оқушыларының алған білімдерін практикада қолдану мүмкіндігі;
- оқушылардың әр түрлі пәндік салалардағы типтік практикалық есептерді шешу қабілеттері мен дағдыларын дамыту, белгілі бір қызмет түрлеріне қабілеттерін дамыту;
- білім және білік деңгейлерін бақылау және бағалау.
Тапсырманы орындап болғаннан кейін, топтар жұмыстарын таныстырады. Әрбір презентациядан соң, «Бутерброд» әдісі бойынша өзара бағалайды.
Бес минуттық жалпылап қорыту. Тақырыптың негізгі ойын ашатын бір сөйлем жазу.
С3 кезеңі. Нақты тәжірибе.
«Дәлелде» әдісі. Тапсырма. Келесі пәндерді кіріктіруге болатынын (болмайтынын) дәлелдеңіздер: әдебиет және тарих, физика және ағылшын тілі, тарих және география, биология және химия, математика және информатика, қазақ тілі және информатика және т.б.
«Жеңіл-қиын». Тапсырма. Кіріктірілген сабақты өткізу кезінде қай тұстары жеңіл, қай тұстары қиындық тудыратындығын анықтаңыз.
Кіріктірілген сабақты талдау және түзету. Тапсырма.
Кіріктірілген сабақ жоспарын талдаңыз.
Артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңыз.
Түзетулер енгізіңіз (қажет болған жағдайда)
Талдау үшін шағын жинақталған мектепте «Қазақ тілі» бойынша 5-6-сыныптағы сабақтың қысқамерзімді жоспары

Пән:қазақ тілі

Мектеп:

Күні:


Сынып:

 2-4-сыныптар

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Зат есімнің септелуі

Оқу мақсаты

 2.4.2.2- көптік жалғауларын дұрыс қолдану
2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу 

4.4.2.3 – зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу

Сабақтың мақсаты:

Көптік жалғауларын дұрыс қолдану.
Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып, сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге, сауатты жазуға дағдыландыру

Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру, мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау, оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстары жүргізу арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым .
Дағдылары жетілдіріледі
тыныс белгілері үйретіледі, жасалу жолдары танытылу.
топтық, жұптық, жеке жұмыстарды орындату.

Сабақтың көрнекілігі:

Тірек сызбалар, ресурстар ,интербелсенді тақта

Оқыту әдістері:
Тақырып 2.5 Заманауи педагогикалық дизайн негізінде шағын жинақталған мектептің біріктірілген сыныбында сабақты жобалауға тән ерекшелік
Оқыту нәтижелері:
- заманауи педагогикалық дизайн негізінде шағын жинақталған мектептің біріктірілген сынып-жинақтарына сабақты жобалауға тән ерекшеліктерді білетінін көрсетеді;
- біріктірілген сынып-жинақтарында күнтізбелік-тақырыптық және қысқамерзімді жоспар жасау бойынша ұсынымдарды пайдаланады;
- біріктірілген сынып-жинақтарында замануи сабақтарды ұйымдастыру қағидаттарын ескере отырып, педагогикалық дизайн негізінде біріктірілген сыныптағы сабақ моделін жасайды.
Сабақтың сценарийі
С1 кезеңі. Байланыстыру
«Тәжірибедене жинақтама». Тапсырма.
Жеке жұмыс. Өз тәжірибесіне сүйене отырып, біріктірілген сыныптағы заманауи сабаққа тән ерекшеліктерді жеке қысқа да нұсқа сипаттаңыз.
Топтық жұмыс. Өз шешімдеріңізді топта талқылаңыз және әріптестеріңізге ұсыныңыз.
С2 кезеңі. Теория
Интерактивті дәріс.
- ШЖМ оқу үдерісін жоспарлаудың негізгі проблемаларын атаңыз.
ШЖМ-нің біріктірілген сынып-жинақтарында пән бойынша оқу материалын жобалау ерекшеліктері.
ШЖМ-нің негізгі ерекшелігі-біріктірілген сыныптардағы әр түрлі жастағы оқыту. Көршілес және әр түрлі жастағы сыныптарды біріктірудің өзіндік проблемалары бар: мұғалім әр түрлі жастағы біріктірілген сынып оқушылары бір сабақта екі, кейде үш тақырып бойынша толық білім алатындай етіп оқу үдерісін құруы керек. Бұл үшін сабаққа екі (үш) еселік дайындық, сонымен қатар оқу үдерісінде барлық балалардың толық қатысуын қамтамасыз ете отырып, сабақтың екі (үш) жоспарларының бір сабаққа кіріктірілуі талап етіледі.
- Біріктірілген сынып-жинақтарда оқу материалын жоспарлаудың қандай ерекшеліктерін мұғалім сабаққа дайындалу кезінде білуі және ескеруі керек?
Шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі келесі шарттарға байланысты:
- сабақты біріктірудің педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы;
- тәрбиелеу мен оқытудың тиімді әдістері мен формаларын таңдау, оларды оқу үдерісінде дұрыс үйлестіру және ұтымды пайдалану;
- қойылған мақсатқа сәйкес сабақтың ең тиімді құрылымын анықтау;
- тәрбие жұмысының сабақтық және сабақтан тыс формаларының дұрыс үйлесуі;
- оқушылардың өзіндік жұмысын және мұғалімнің жетекшілігімен жұмысты ұтымды ауыстыру;
- оқушылардың өз бетінше оқу және оқи білуін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу;
-оқушылардың білім және тәрбиелілік деңгейін дамытудың ғылыми диагностикасы;
- ізгілікті педагогикалық ұстанымдарға негізделген оқушылардың білім, білік дағдыларын жүйелі бақылау.
ШЖМ біріккен сыныптарына арналған жаңартылған білім беру мазмұнының оқу жоспарларына бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет