Сабақ Үшін тапсырмалар №1 физиологиядан тынысалу жүйесі бойынша
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР №1 ФИЗИОЛОГИЯДАН ТЫНЫСАЛУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША Тақырыбы: «Тынысалу кезеңдері. Желдетіліс, диффузия, перфузия механизмдері. Сыртқы тынысалу көрсеткіштерінің физиологиялық зерттеу әдістері (спирометрия, спирография)»
ХАТТАМАНЫ РӘСІМДЕУ: Тапсырма №1. Кестені толтыру 1). Ауа жолы – бұл қуысында ауа тазаланып, жылынып, су буымен қанығып, өкпенің газ алмасу бөлігіне өтетін түтікше ағзалар жүйесі.
№
Ауа жолдарының қызметтері
1.
Мұрын - тыныс жолдарының басталар алдыңғы бөлімі. Мұрын қуысында ауа жылынады, су буымен дымдалады, құрамындағы шаң тозаңнан тазаланады және иіс сезу мүшесінің қатысуымен ауа құрамындағы заттардың иістері анықталады.
2.
Ауыз қуысы - мұрынмен дем алу мүмкін болмағанда, адам аузымен тыныс алады. Ауыз қуысы тыныс алуға қатысады, сөйлеуді қалыптастыруда негізгі рөл атқарады.
3.
Жұтқыншақ - дәм сезу мүшелерінің бірі болып табылады; жұтылу актісіне қатысады, тамақты ауыз қуысынан өңешке өткізеді; ауаның көмейге және астындағы тыныс алу жолдарына өтуіне ықпал етеді, дем алған ауаны жылытады, ылғалдандырады, тазартады.
4.
Көмей - ол тыныс алуға керекті ауаны өткізеді.
Көмей организмде 3 қызмет атқарады:
тыныс алу (тыныс алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді);
қорғаныс (тағамның трахеяға енуіне жол бермейді);
дауысты қалыптастыру (дауыс пен дыбыстардың қалыптасуына жауап береді).
5.
Кеңірдек- түтік тәрізді мүше, көмекейді өкпе бронхтарымен жалғастырады. Кеңірдектің негізгі қызметі тыныс алуға қатысады.
6.
Бронхылар - негізгі қызметі тыныс алу кезінде трахеядан өкпе альвеолаларына оттегін тасымалдау және дем шығару кезінде олардан көмірқышқыл газын шығару болып табылады.
7.
Альвеолар - тыныс алу актісіне қатысады, өкпе капиллярларымен газ алмасуды жүзеге асырады.
8.
Трахея - көмейді созатын арна. Оның негізгі қызметі - ауаны өкпеге жеткізу және одан кейін қарай шығару.
9.
Мұрын қуысындаауа шаң бөлшектерінен және микроорганизмдерден тазартылады, жылытылады және ылғалдандырылады. Жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.
10.
Өкпе - өмірлік маңызды функцияны орындайды - адам ағзасын оттегімен қамтамасыз етеді. Олар қан мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасуға жауапты.