ДК - де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету: 1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру);
2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету;
4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Күйгенде көмек көрсету: 1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);
2. Күйген жеріне май жағу (ванилин);
3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;
4. Дәрігер шақыру.
Демі тоқтағанда көмек көрсету: 1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары қарай кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру;
2. Дәрігер шақыру.
3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан - ауызға) керек.
Көз талғанда жасайтын жаттығулар 1 - жаттығу Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4 - 5 рет қайталаңдар.
2 - жаттығу Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
Алысқа қадалып қараңдар.
3 - жаттығу Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
Алысқа қадалып қараңдар.
4 - жаттығу Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
Алысқа қадалып қараңдар.
5 - жаттығу Бастарыңды бұрмай, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.
Алысқа қадалып қараңдар.