Сабақ тақырыбы : Адам нәсілдері 11 сынып Мақсаты



бет3/3
Дата15.10.2023
өлшемі20,56 Kb.
#115319
түріСабақ
1   2   3
ІІІ. Жаңа сабақ.

Бүкіл жер шарын мекендейтін, екі жарым мыңнан артық тілде сөйлейтін , саны 6,2 млрд. болатын тірі организмдер тобы… Саналы адам (Homo sapiens)
Адамның барлығы да саналы адам (Homo sapiens) түріне жатады. Барлық адамдардың анатомиялық және физиологиялық құрылысы жағынан бірдей, тек морфологиялық айырмашылықтары мен ғана ерекшеленетін бірқатар белгілері бар. Атап айтқанда, дене бітімі, бет пішіні, терісінің түсі, шаш, ерін. Осы ерекшеліктеріне байланысты адамдар 3 нәсілге бөлінеді.: негройдтық (қара), еуропойдтық (ақ), монголойдтық (қоңыр).

 Нәсілдерді зерттейтін ғылым нәсілтану деп аталады. Нәсілдердің шығу тегі туралы ғалымдар арасында қарама-қарсы тұжырымдар бар. Кейбір ғалымдар жер бетіндегі нәсілдер бір ғана жерде пайда болып, кейіннен басқа аймақтарға таралған деген пікірді қостайды. Оны моноцентризм деп атайды. Нәсілдердің пайда болуы туралы келесі тұжырым-полицентризм деп аталады. Ол тұжырым бойынша нәсілдер әрбір аймақта өз алдына жекелей пайда болған деп түсіндіреді. Көпшілік ғалымдар қазіргі кезде моноцентризм тұжырымын қолдайды.

Кейбір кертартпа ғалымдар әр түрлі пиғылдағы нәсілшілдік пікірлерді уағыздайды. Кейбір нәсілдерді дарынды, қабілетті, ақыл-ойы жоғары дамыған деп жоғары қойып, кейбірін төмендетеді, кемсітеді. Олар табиғатта болатын табиғи сұрыпталу, тіршілік үшін күрес заңдылықтары адамзат қоғамында да болады деп уағыздайды. Мұндай теріс пиғылды теория ғылымда әлеуметтік дарвинизм теориясы деп аталады. Мұндай теорияны уағыздаушылар «қоғамда күштілер мен мықтылар өмір сүруге тиіс, ал әлсіздер жойылып отырады» деген пікірді ұсынады. Әлеуметтік дарвинизм теориясының ешқандай шындыққа жанаспайтынын кезінде Ф.Энгельс пен көрнекті орыс ғалымы К.А. Тимирязев әшкереледі. Соңғы кездегі биология ғылымдарының жетістіктері де әлеуметтік дарвинизм теориясының ешқандай шындыққа жанаспайтынын дәлелдеп отыр.

 ІV. Бекіту.

 Синквейн құру

Зат есім: Адам.

Сын есім: ардақты, күрделі. (қабілетті, дарынды)

Етістік: Дамиды, ойлайды, сезінеді. (көбейеді, өседі, т.б.)

Бірінші сөзге қатысты көңіл-күйді білдіретін сөйлем. Адам деген ардақты ат.

Синоним: Адамзат. (пенде) Тұлға. Индивид.

Эссе жазу:

Адам немесе нәсіл тақырыбына.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет