ІІ. Өткен тақырыптар бойынша топтарға тапсырмалар беру. Сұрақ барлық топқа бірдей қойылады, бір топ екінші топтың айтқандарын қайталамайды.
Сұрақ: Приматтар эволюциясы туралы не білеміз?
Сызықтық диктант. Дұрыс болса,қате болса, — белгісі қойылады.
Адамның шығу тегі мен тарихи дамуын зерттейтін ғылым саласы антропология деп аталады. +
Жануарларды омыртқалылар және омыртқасыздар деп екіге бөлген, «эволюция» және «биология» терминін енгізген Ч.Дарвин.-
Епті адам « Homo erectus» деп аталады. —
Ата-тектің белгілерінің қайталануы рудименттік белгі деп атайды.-
Ч. Дарвин «Адам- тіршіліктің тарихи даму сатысындағы ең жоғары әрі соңғы буыны» деп көрсетті.+
Еңбек- адам эволюциясының негізгі факторы.+
Антропогенез адамның шығу тегін зерттейтін ғылым.+
Тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу әлеуметтік фактор.-
Жауабы: + — — — + + + —
Электронды оқулықтағы ақпаратты тыңдап алғаннан кейін, әр топ мына төмендегі кестені толтырады.