2.Инерция құбылысын күнделікті өмірмен байланыстырады,мысалдар келтіреді.(B деңгей )
3. «Инерция» және «Инерттілік» ұғымдарын салыстыра біледі.(C деңгей)
Қосымша 3
Бөлім Тақырып
Инерция құбылысы
Оқу мақсаты
7.2.2.1 – инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Білу,түсіну.қолдану
Бағалау критерийі:
инерция құбылысын түсінеді.
инерция құбылысын қолдана алады.
өмірдегі қолданысына мысалдар келтіреді
Тапсырма №3 жұптық жұмыс Жан-жануарлар,өсімдіктер әлемінде инерция құбылысы болуы мүмкін бе?(оқушы өз ойын айтады,қосымша мәліметтер жинайды. Ой бөліседі)
ҚБ(Жарайсың ,ой бөліскеніңізге рахмет, тамаша)
Критерийлері
Дескрипторлар
Инерция құбылысын табиғатпен байланыстыру
Өзге пәннен алған білімін инерция құбылысымен байланыстыра біледі.
Жан-жануарлар,өсімдіктер әлемінде инерция құбылысы болатындығын біледі.
Қосымша 4
Бөлім Тақырып
Инерция құбылысы
Оқу мақсаты
7.2.2.1 – инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Білу,түсіну.қолдану
Бағалау критерийі:
инерция құбылысын түсінеді.
инерция құбылысын қолдана алады.
өмірдегі қолданысына мысалдар келтіреді
Кері байланыс. «Үлкен шеңбер» әдісі Бұл тәсіл бойынша оқушылардың жұмысы 3 кезеңде өтеді. 1.Топ ішінде үлкен шеңбер құрып отырады да,тақырып бойынша берілген проблеманы айқындайды. 2.белгілі бір уақыт ішінде әрбір оқушы жеке жұмыс жасайды,дәптеріне проблеманы шешуде өз ұсынысын жазады. 3.шеңбер бойынша әрбір оқушы кезекпен өз ұсыныстарын оқиды. топ әр қатысушының сөзін бөлмей,сын айтпай мұқият тыңдайды, содан кейін әр ұсынысты талдап , дауысқа салып ортақ пікірге келеді. ҚБ(Әр топтың жұмысы бойынша жауаптарын талқылайды, бірін –бірі бағалайды)
1-топ:Өздерiңдi қоршаған ортадағы, микроәлемдегi, ғарыштағы
инерция бойынша қозғалатын денелерге мысалдар келтiрiңдер.
2-топ:Лифтiмен кенет көтерiлген сәтте немесе кiлт төмен түскенде жүрегiмiз қобалжып, басымыз айналғандай болатыны
нелiктен?
3-топ:Жылдам келе жатқан көлiктiң алдынан кесе-көлденең өту
қауiптi болатыны нелiктен?