Сабақ тақырыбы: 1 мамыр Бірлік, Ынтымақ күні (Бірлігі жарасқан қазақ елі) Мақсаты



Дата10.07.2023
өлшемі35,83 Kb.
#104171
түріСабақ
Байланысты:
тәрбие сағат




Күні : 27.04.23
Сынып: 2"Б"
Сабақ тақырыбы: 1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (Бірлігі жарасқан қазақ елі)
Мақсаты: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: әр ұлттың киімі, слайд, гүлдер, шар, қағаздан жасалған ұшақтар.


Мұғалім: Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.


Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын. Ендеше, сендер де сондай қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.


Жүргізуші: Әнұраным – жанұраным, Айтар әнім - сөйлер сөзім. Мәңгі бақи шырқалады. Республикам Әнұраны! Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
- Біз сендермен Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық. Әнұранның авторлары кім?

Нұрлыбек: Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев, Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов. Күндер өтті кешегі, Жігер құм боп жасыған, Несіне оны жасырам? Әнұраным бүгінгі Баға жетпес асыл ән!

Қарлығаш:Қаны да, жаны да қазақтың, Егемен еркіндік – ғажап күн. Жүзінен білінген, Сарайлар төрінде ілінген, Елтаңба - егемен елдің белгісі.
Елтаңба - өжеттік, өрліктің белгісі.
Елтаңба - тәуекел, ерліктің белгісі.
Елтаңба - кемелдік, кеңдіктің белгісі.
Елтаңба - өзге ел мен теңдіктің белгісі.
Елтаңба - егемен елдің белгісі.


Айкөркем: Жарасқан байрақтың мәні бар, Көк аспан, күн, қыран – сәні бар. Көк байрақ – ашық көк кеңісім, Алтын күн - белгісі жеңістің. Алтын күн көтерген ел құсы - Халқымның батырлық белгісі!


Айсұлтан:
Рәміздерім – елдігімнің белгісі, Білу керек бала дағы ең кіші. Рәміздерім - Әнұран, Ту, Елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі
- Біздің әнұранымыз, елтаңбамыз, көк байрағымыз бар. Бұл нені білдіреді?

Мади:
Ғасырлар бойы азаттық аңсаған ата - бабалардың жолы азапты, тағдыры ауыр болғаны анық. Қазақ халқы талай зорлық, зобалаңды бастан кешірді. Ата - бабаларымыз «Азаттық ақ таңы атса екен, Тәуелсіздік келсе екен» деген армандары ХХ ғасырдың соңында келіп жетті. Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бостандықтың көк туын желбіретті.


Алинұр
Туған ел - Қазақстан арайлы. Бүгін саған әлем түгел қарайды. Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның бейбітшілік таңы әр кез арайлы.

Кәусар:
Арайлы азаттықтың нұрын құшқан, Шолпандай жарқыраған күншығыстан. Тәуелсіз Қазақстан – туған елім, Досы көп, бата алмайды бірде дұшпан.

Бибінұр:
Тәуелсіздік – он бір әріп құралған, Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман. Талай дара, даналардың көз жасы, Қаныменен атты таң боп алдан.
Көрініс.
Немересі атасына:
- Ата, неге біздің елімізде басқа ұлт өкілдері тұрады? Олар біздің елімізге қашан келді, келу тарихы қандай? Оны өздерінен сұрайық.


Видеоматериал көрсету. Әр ұлт өкілдері өздерінің Қазақстанға келу тарихын айтып, ұлттық тағамын ұсынады. Өз өнерлерін көрсетеді.


Нұрахмет:
Мы дружной семьею живём в Казахстане,
Татары, уйгуры и русские с нами.
Так пусть же крепнет во веки веков
Дружба народов всех возрастов


Қарақат:
Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қассақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.


Балауса:
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.


Жансұлу:
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.


Жүргізуші: «Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге қазақтарға керек» деп көргенділікпен Президентіміз,айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі. Осымен бүгінгі мерекелік кешімізі аяқтаймыз. Қош сау болыныздыр!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет