Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар
|
Мектеп: №2 Мәртөк мектеп-гимназиясы
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Булекова Ж.Б
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы:
|
№1 практикалық жұмыс
«Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал-жабдықтармен танысу»
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
7.1.1.2 химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және сақтау
|
Сабақтың түрі
|
Практикалық сабақ
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
химия ғылымы нені зерттейді екенін білу және түсіну;
лабораторияда қауіпсіздік ережелері, химиялық реактивтер мен құрал-жабдықтармен жұмыс істеу ережелерін білу және түсіну.
Оқушылардың көбісі:
лабораторияда қауіпсіздік ережелері, химиялық реактивтер мен құрал-жабдықтармен жұмыс істеу ережелерін білу және түсіну
Кейбір оқушылар:
лабораторияда қауіпсіздік ережелері, кейбір химиялық реактивтер мен құрал-жабдықтармен жұмыс істеу ережелерін білу және түсіну
|
Бағалау критерийлері
|
Химияны ғылым ретінде анықтауын қалыптастырса;
Химия кабинетінде және лабораторияда жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтаса;
Химия кабинетінде және лабораторияда жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндірсе.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты лексика және терминология:
элемент, қосылыс, қоспа, химиялық реакция, массалық үлес, атом, қоспаны айыру, қайтымды, қайтымсыз, араластыру, қыздыру, фильтрлеу, еріту.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Химия...........оқытады
Химия пәнін мақсатты........ болып табылады
Химияның міндеттері............
Х-ты бөліп алу У-пен салыстырғанда көбірек/азырақ қиындық туғызады, себебі...
қосылыстар Х болып табылады/ие, ал Уқосылыстар болып табылады/ ие
Қоспалар қосылыстардан қалай ажыратылады?
У қарағанда Х бөліп алу анағұрлым/азырақ қиындық туғызады, неге?
Егер араластырған/жаққан/ қыздырғанда A және B бірге C болып табылады,онда Д не болғаны
|
|
Қазақ тілі
|
Русский язык
|
English
|
химия
|
химия
|
chemistry
|
химиялық
құбылыс
|
химическое явление
|
chemical phenomena
|
зат
|
вещество
|
substance
|
күй
|
состояние
|
State
|
ғылым
|
наука
|
science
|
атом
|
атом
|
Atom
|
элемент
|
элемент
|
element
|
сұйықтық
|
жидкость
|
liquid
|
молекула
|
молекула
|
molecule
|
|
Құндылықтарды дамыту
|
Әлемдік және өңірлік деңгейлерде негізгі құндылықтар:
• құрмет
• ынтымақтастық
• өмір бойы білім алу
Атмосферада құндылықтар құру, әнгіме – сұхбат, топпен және жеке тапсырмаларды орындау барысында сыныппен ортақ шешімге келу арқылы қол жеткізіледі.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Химия – бұл жаратылыстану ғылымы, басқа ғылымдармен байланысады:
Физика ( ыдыстар түрлерін)
Биология (медецина жақтары)
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Презентация, кестелер, графиктар, видеокөрсетілім
|
Бастапқы білім
|
Физикалық қасиеттері физика және жаратылыстану курсынан алынған білім.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Топқа бөлу. (түсі мен санына қарай бөліну)
Оқытушы келесі сұрақтарды қою арқылы, оқушылардың өткен сабақты есіне түсіреді.
Химия дегеніміз не?
Химия қайда кездеседі?
Химияны білу қажет па?
Өзін-өзі бағалаубойынша түсіндіру жүреді.
Тақырыпты ашу және мақсат қою.
«Кейс» әдісі
Оқушылар тақырыпты болжайды, мақсат қояды.
|
Пазл
Бағалау кестесі
Бағалау пазлы
Суреттер
|
Сабақтың ортасы
|
Лабораторияда дұрыс жұмыс жасау.
Оқушыларға зертхана бейнеленген бірнеше суреттер беріледі. Олар суреттен не көреді сонын барлығын сипаттайды. Талқылау жасайды. Оқушылар суреттерде көрсетілген әр заттарға өз пікірлерін айтады.
Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!
Химиялық лабораторияда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға видео – көрсетілім.
Пікір-талас. Видеокөрсетілімнен кейін оқушылар ол туралы өз пікірлерін білдіреді. Олар яғни, көрсетілген видеодан түсінгенін және техникалық қауіпсіздік ережелерін дербес қалыптастыратынын түсіндіреді.
Қауіпсіздік техникасының ережелері
1.Лабараторияда және кабинетте тек химия пәні мұғалімінің рұқсатын алып жұмыс істеу керек.
2.Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, ондағы қолданатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек.
3.Химиялық лаборатория мен кабинетте жұмыс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заттардың: бастапқы көмек көрсететін дәріханалық қобдишаның, көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім отты сөндіретін жамылғыш пен құм салған ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің, т.б.тұрған жерін дәл біліп алу керек.
4.Кез-келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тағып алғаны дұрыс. Аяқ киімнің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де, қажет болуы мүмкін.
5.Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық затты, соның ішінде оқулықтар мен қағаздарды шетке алып тастау керек.
6.Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласын кем дегенде екі рет қарап алған жөн.
7.Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды.Егер газ күйіндегі заттың исін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек.
8.Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды.Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
9.Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадан таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Лабораторияда және кабинетте тек таза зат пен таза ыдыс қолданылатынын үнемі есте ұстаған жөн.
10.Тәжірибеге қажетті заттарды мүмкіндігінше дәл мөлшерде және аз етіп алындар. Реактивтерді үнемді қолдана білу керек..
|