Сабақ тақырыбы: 2 саны және цифры



бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі241,12 Kb.
#124142
түріСабақ
  1   2   3

Сабақ тақырыбы:

2 саны және цифры

Мектеп:

Күні :




Мұғалімнің есімі:

Сынып: 1-сынып

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Натурал сандарды алу жолын түсінеді;

10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды;


натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;


цифр мен санды бір-бірінен ажыратады; бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен (нүкте-лер жиынтығымен, таяқшалармен және т.б.) көрсетеді;



  1. “+”, “–”, “=”, “≠”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.

Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. 1 және 2 цифрлары жазылған таспа;




  1. қағаздан қиылған екі жапырақ;

  2. қарындаштар;

  3. белгі беретін (сигналдық) тақтайшалар;

  4. 2 цифрының жазылу үлгісі;

  5. әрбір оқушыға екіден тарататын үшбұрыштар.

Тірек сөздер

екі;
қосу;
азайту;
тең.

Сабақтың мақсаты:

2 санының сандар қатарындағы орнын, оның мағынасы мен құрамын түсіндіру, 2 цифрының жа-зылуын үйрету, “+”, “–”, “=” таңбаларымен және оны қолдануымен таныстыру.



Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер



2 саны — сандар қатарында 1 санынан кейін тұрады. Сабақ барысында тәжірибе арқылы көрсете отырып, 2 санын алумен және оның құрамымен таныстыру керек. Сонымен қатар “+”, “–”, “=” таң-баларын енгізу. 2 санын алу үшін 1 санына бірді қосамыз. Оны мынадай өрнек түрінде жазуға болады: 1 + 1 = 2. Егер екіден бірді азайтсақ, онда бірді аламыз: 2 – 1 = 1. Сандық сәуледе екі саны бір санынан оңға қарай орналасатынына көңіл аудартыңыз. Сонымен бірге 2 цифрын көркемдеп дұрыс жаза білуге үйрету. Сабақта жұп заттар ұғы-мын енгізіп түсіндіру. Жұп сөзі екі бірдей затты (ал-малар жұбы) немесе қос затты білдіреді (мысалы, қолғап — жұп, ол екі сыңардан тұрады).
Сабақ өткен тақырыптарды қайталаудан бас-талады. Төмендегі ауызша жаттығуларды орын-датыңыз:

— 10 санына дейін кері және тура ретпен сана;


— 3-тен 9-ға дейін, 6-дан 2-ге дейін, 8-ден 4-ке дейін т.с.с. әртүрлі тәртіппен сана;
— Ең соңғы санды және қалып қойған сандарды ата мысалы, 3, ..., ..., ..., 7, 5, ..., ..., ..., 9 және т. б.

Оқушылардан натурал сандар туралы не білетінін сұраңыз. Санау қай саннан басталатынын, сол сан туралы не білетінін, натурал сандар қатары деген не екені туралы сұраңыз. Натурал сандар — санау кезінде қолданылатын сандар. Санау 1 санынан басталады. Натурал сандар қатарында сандар кішіден үлкеніне қарай ретімен тұрады. Оқушылар сұрақтың не туралы екенін түсінсе, олардан сөзін толық айтуды талап етпеуіңізге болады.


“Бұл сан 1 санынан үлкен және санау кезінде одан кейін тұрады (жауабы: 2 саны)”, — деген сияқты сөзіңіздің мазмұнына қарап, оқушылар сабақтың не жайында болатынын болжауы тиіс.


Тақтаға қағаздан қиылып жасалған бір жапырақ-ты жапсырыңыз. Оқушылардан тақтада неше жа-пырақ барын, ол 2 жапырақ болу үшін не істеу керектігін сұраңыз. Оқушылардан қолдарына бір-бір қарындаштан алуын өтініңіз. Қолдарында неше қарындаш барын және 2 санын қалай алуға болаты-нын сұраңыз.


Қатар бойынша сыныпты екі топқа бөліңіз және бірінші топқа қолдарына 1 қарындаш, ал екінші топтың оқушыларына 2 қарындаш алуларын өтініңіз. “Кім-нің қарындашы көп? Неге?” деп сұраңыз. Оқулық бойынша жұмысты жалғастырыңыз: оқушылардан сандық сәулеге қарауды сұраңыз. “1 санынан кейін қандай сан тұр? 2 санының алдында қандай сан тұр? 2 саны 1 санының алдында немесе артында тұр ма? 2 саны 1 санынан үлкен бе, кіші ме?” деген сұрақ-тар қойыңыз. Оқушыларға сіздің сөйлеміңізді аяқтау қажеттігін ескертіңіз: сан қатарының оң жағында тұрған сандар, сол жағында тұрған сандардан (үлкен). “2 санын натурал сан деп атауға бола ма? Неге?” деп сұраңыз.


Оқушыларға сыныптағы саны 2 болатын заттарды


табуды ұсыныңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет