Сабақ тақырыбы 7 саны және цифры Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу



бет2/3
Дата19.12.2022
өлшемі148,65 Kb.
#58320
түріСабақ
1   2   3
Құндылықтарды дарыту

Қарым-қатынас жасау қабілеті ,жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Музыка ,дене шынықтыру, сауат ашу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Оқушылар 1-ден 6-ға дейінгі сандарды біледі, сандардың құрамын айта алады..

Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 мин

Оқушылармен сәлемдесу, олардың назарын сабаққа аудару.
Жеті бірдей өрнекпіз
Жеті түрлі өлеңбіз
Жеті түрлі бояумыз
Жеті түрлі әуенбіз
Үлкендерді құрметтеп
Баршаға сәлем береміз.
Оқушыларды 1-ден 7-ге дейін санау арқылы 3-топқа біріктіремін.
1-топ
2-топ
3-топ
«Сұрақтар қорабы» арқылы өткен тапсырмасын пысықтаймын.
-6 саны сандық сәуледе қай саннан кейін келеді?
-6санының көршілерін атаңдар?
-6 санының құрамын атаңыз?

Суреттер
қорапшасы

Сабақтың ортасы
Қызықты тапсырма
8 мин

«Ой шақыру»
Бүгінгі тақырыпты ашу мақсатында
Топпен Жұмыс «Қар кесегі» әдісі арқылы
«жұмбақ шешу.»
Жарқылдаған соң жаңағы
Суға бөкті бар алап
Көкте түрлі жолақты
Өрнек тұрды ғаламат. (кемпірқосақ)






Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Біртаңбалы сандарды таниды және атайды

-кемпірқосақта жеті түрлі түсті ажыратады.
-жеті санымен танысады.

Өзін-өзі смайликтер арқылы бағалау.
«Жалғастырып сана» ойыны бойынша
7-санымен танысып болғаннан кейін әр топтан оқушылар шығып тақтаға сызылған сандық сәуледен
7-санының орнын анықтайды.
Тура және кері санайды, оқиды.

Дәптермен жұмыс
7 санының элементтерін көрсету, ауада көрсету. Үлгі бойынша даптерге жазу.
1.Жұптық жұмыс «Кім тапқыр» әдісі арқылы сандарды салыстырады, құрамын анықтайды.
1-топ «˃» табады
2-топ «˂» табады
3-топ «=» табады

Оқушыларды көңілді смайликтермен бағалау


2.Оқулықпен жұмыс Топпен жұмыс «Ойлан тап» әдісі

1-топ
Мысалдар құрастырады, шығарады.


2-топ
Осы өрнекке кері амал құрастырады.
3-топ
Сарапшы болады.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Біртаңбалы сандарды таниды және атайды

1.Сандарды оқиды.
2.-сурет бойынша мысалдар құрастырады, құрамын анықтайды.
-1-ге 6-ны қосады.6-ға 1-ді қосады
-5-ке 2-ні қосады. 2-ге 5-ті қосады.
-3-ке 4-ті қосады. 4-ке 3-ті қосады.

Оқушыларды көңілді смайликтермен бағалау


Сергіту сәті
Жеті күн бар білгенге
Жеті зат бар сөмкеде
Қарындаш, пенал, оқулық
Өшіргіш берер тазалық
Қаламсап керек жазуға
Дәптер менен әліппе
Үйретер бізді әріпке
Бәрін қайта атап шық
Саусақ бүгіп, санап шық.
(қарындаш, пенал, оқулық, өшіргіш, қаламсап, дәптер, әліппе.)
Топпен жұмыс «Орындап көр» әдісі ойыны арқылы
сұрақ-жауап алып, сабақты қорытындылау.
1.Музыкалық ноталарды ата?
2.Олардың саны қанша?
3.Жарты нота нешеу?
4. Сегіздік нота нешеу?
5.Ширек нота нешеу?
Б

Суреттер
Смайликтер


Қима қағаздар

Оқулық,
дәптерлер





Сабақтың соңы

Оқушыларға стикерлер таратып кері байланыс жасауын сұраймын.


Кемпірқосақ суретіне - бүгінгі сабақта не білді? Не қызықты болды? Стикерлерге жазып іледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет