- Бұл суреттер сіздерде қандай ой туғызады? - Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болуы мүмкін? 3 мин Сабақ тақырыбы: Алаш ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері
Оқу мақсаты: 11.3.2.1 – «Алаш ұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау
Сабақ мақсаты: «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы қызметіне баға баға беру.
Бағалау критерийлері:
Ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы «Алаш» партиясының рөлін анықтау;
Төрағасы: Әлихан Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев т.б. кірді.
3) «Алаш» партиясының құрылуына себеп болған оқиға
Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылы Ресейде бастаған революция қазақ ұлттық зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті.
4) Партияның мақсаттары
Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету. Автономиялық ұлттық мемлекет құру.
5) Алаш партиясының бағдарламасы қанша бөлімнен тұрды
Алаш партиясының бағдарламасы барлық әлеуметтік топтардың мүддесін ескерді, жер мәселесін шешудің тиімді жолдары ұсынылып, қазақ жері қазақ елінің меншігі болатындығы және қоныстандыру саясатын тоқтату көзделді, бастауыш білім баршаға тегін беріледі, қазақ балалары үшін ол міндетті түрде өз ана тілінде беріледі, мемлекет басшылары мен лауазымдық қызметке сайлау арқылы қойылды.
7) Партиясының баспасөз органы
«Қазақ» газеті
8) Алаш партиясының тарихи маңыздылғы
Кеңес үкіметі тұсында ең ұзақ өмір сүрген партиялардың бірі болды. Алаш қайраткерлері елі мен жерінің, қазақ ұлтының қамын жеп, оның жарқын болашағы үшін күресті. Олардың идеялық мұрасы саяси санасы толыққан, тәуелсіздік идеясын ту еткен бүгінгі ұрпаққа аманат, атқарған ерен істері өнегелі өсиет, ал ардақты Алаш азаматтарының есімдері халқымыздың жадында мәңгі сақталады.
Жұптық талқылау: Алаш идеясының бүгінгі күндегі маңыздылығы неде? 12 мин
Бүгінгі сабақтан алған әсерім?................................................
Маған мына тапсырма қызықты болды?................................