Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: 1) Қан плазмасының химиялық құрамы (схемасы), оның қан сарысуынан айырмашылығы. 2) Қан плазмасының нәруыздары (альбуминдер, глобулиндер, фибриногендер, ферменттер), мәні, қасиеттері, қалыпты мөлшері және патология кезінде өзгерістері.
3) Электрофорез әдісімен нәруыз фракцияларын алу. Электрофорез әдісінің принципі. Электрофореграммалар түрлері. (жедел қабыну, созылмалы қабыну, гепатит, нефрит).
4) Гипер-, гипо-, дис- және парапротеинемия туралы түсініктер және олардың пайда болу себептері, түрлері.
5) Қанның қалдық азотты заттары (мочевина, несеп қышқылы, креатин, креатинин, билирубин) қалыпты жағдайдағы мөлшері
6) Гиперазотемияның түрлері және оның пайда болу себептері.
7) Қан плазмасының азотсыз органикалық құрамдас бөліктері, өкілдері, олардың химиялық табиғаты, қалыпты мөлшері, патология кезіндегі өзгеруі.
8) Қалыпты зәрдің физико-химиялық қасиеттері және патология кезіндегі өзгерістері.
9) Қалыпты зәрдің химиялық құрамы (ағылшын және орыс тілінде).
10)Зәрдің патологиялық компоненттері, олардың пайда болу себептері. (нәруыз, қан, глюкоза, кетон ағзалары, билирубин)
Сабақты өткізу форматы: Бағдарламалық бақылаудың билеттері бойынша жазбаша бақылау 2 сұрақты қамтиды:
Ауызша талдау тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша жүргізіледі.
Сабақты бақылау: бағаланатын оқыту нәтижелері-білім (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 80%). Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде: zoom.us (Webex) немесе Google Meet және Moodle dis.kaznmu платформасында ауызша және жазбаша сұрау.
БОӨЖ тапсырмалары: 1) «Қан плазмасының негізгі нәруыздары, олардың рөлі, диагностикалық маңызы» кестесін толтыру
2) зәр бойынша екі кестені толтыру
БОӨЖ-ді бақылау: тапсырманың орындалғанын тексеру (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 20%). ОСӨЖ-дің сұрақтары аралық және қорытынды бақылау сұрақтарына енгізілген.
Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде: Moodle dis.kaznmu платформасында.