Сабақ тақырыбы: Атом ядросының құрылысы. Ядроның байлансы энергиясы. Жалпы мақсаты


Кулондық күштер қатарына жатпайды



бет8/9
Дата15.10.2022
өлшемі0,74 Mb.
#43267
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Кулондық күштер қатарына жатпайды — Кулондық сияқты центрлік күштер қатарына жатпайды. Атом ядросындағы ең үлкен қарқынмен өтетін құбылыстарды басқаратын күштер. Олар элементар бөлшектер арасында күшті байланыс туғызады.

ІІ. Нуклондардың ядродағы байланыс энергиясы.
Мя< Z*m+ N*mn
∆М= Z*m+ N*m— Mя — масса ақауының формуласы;
Массалар ақауы деп – Ядролық тарту күшінің жұмысы есебінен нуклондардан атом ядросы түзілгенде пайда болатын массалар айырымын айтамыз.
Байланыс энергиясының формуласы:
Еб= ΔM*c2=( Z*m+ N*m— Mя )*c2 немесе Еб=( Z*mН + N*m– Mа )*c2 ;
Атом ядросын түгелімен жеке нуклонға ыдырату үшін қажетті минимал энергияны- ядроның байланыс энергиясы дейміз.

Быстрая олим­пиада для атте­стации! 18+solncesvet.rusolncesvet.ruОлим­пиады, конкурсы, публи­кации для атте­стации на кате­горию! Диплом сразу!Скрыть рекламу:Не интересуюсь этой темойТовар куплен или услуга найденаНарушает закон или спамМешает просмотру контента

Спасибо, объявление скрыто.




Яндекс.Директ
Энергия үшін МэВ қолданылады:
Еб= ( Z*m+ N*mn — Mя )*931,5 МэВ немесе Еб=( Z*mН + N*m– Mа )*931,5 МэВ.
∆М= Еб / c2.
Байланыс энергиясы өте ғаламат. Екі вагон тас көмірді жаққан кезде қанша энергия мөлшері бөлінсе, сутегінен 4 г гелий массасын түзу үшін сондай энергия бөлінеді. Барлық үлкен Әлем кеңістігінде, оның ішінде жер шарында, сутегі — ең көп таралған элементтердің бірі. Сондықтан физиктердің, барлық басқа мамандардың негізгі мақсаты сутегі энергиясын бейбіт мақсат үшін қолдану.
ІІІ. Меншікті байланыс энергиясы деп ядроның байланыс энергиясының А массалық санға қатынасын, яғни бір нуклонға сәйкес келетін байланыс энергиясын айтады:
Ем.б= Еб/А ;
Нуклондардың меншікті байланыс энергиясы түрлі атом ядроларында бірдей емес. Ядродағы нуклондардың меншікті байланыс энергиясының массалық А санға тәуелділігі мына суретте көрсетілген. Массалық А санының артуына байланысты Ем.б   1Н2 – дейтерийдің ядросында 1,1 МэВ/нуклон мәнінен темірдің 26Fe 56 изотопы үшін 8,8 МэВ/нуклон мәніне арта бастайды. Ем.б   максимал болатын элементтердің ядролары ең тұрақты ядролар болып табылады. Енді массалық сан А артқанымен Ем.б    кеми береді, мыс: уранның 92U238 изотопында 7,6 МэВ/нуклон. Жеңіл элементтердің Ем.б    кемуі беттік құбылыстармен байланысты. Сондықтан ядроның ішіндегі нуклондармен салыстырғанда ядроның бетіндегі нуклондардың байланыс энергиясы аз. Ядро кіші болған сайын нуклондардың көпшілігі ядро бетіне жақын орналасады. Сол себепті жеңіл ядролардың меншікті байланыс энергиясы аз.
Табиғатта жиі кездесетін және ядродағы протондардың немесе нейтрондардың саны киелі сандар деп аталатын 2,8,20,24,50,82,126 сандарына тең ядролар тұрақты болып келеді. Ал, егер протондардың да, нейтрондардың да сандары киелі сандарға тең болса, онда қосарланған киелі санды ядро аса тұрақты болады. Табиғатта ондай бес ядро бар: 2He4, 8O16, 20Ca4024Cr48, 82Pb208.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет