Б) «Сәйкесін тап» ойыны Берілген сұрақтардың жауаптарының орны ауысқан сәйкес жауабын табу.
ІІІ. «Білім шыңына өрлейік» Жаңа сабақ І. Біздер кез – келген химиялық элементтің атомының центрінде орналасқан ядро протондар мен нейтрондардан тұратынын білдік.
Біздер аттас зарядтардың бір –бірін тебетінін бұрыннан білеміз. Олай болса, ядро ішіндегі аттас протондар бір – бірін тебіп, неге ыдырап кетпейді деген сұрақ туады. Оларды ыдыратпай ядрода берік ұстап тұрған қандай күш?
Мүмкін протон мен нейтронды берік ұстап тұрған бүкіләлемдік тартылыс күші шығар деп пайымдау жасауға болады. Бірақ та, жүргізілген есептеулер, ядродағы екі протонның арасындағы тартылыс күші, олардың арасындағы F=k Кулондық тебіліс күшінен 1036 есе кіші екенін көрсетті.
Атом ядросының тұрақтылығы табиғаты бөлек аса зор тартылыс күші бар екенін дәлелдейді. Ядродағы нуклондарды ыдырап кетуден сақтап, оның берік байланысын қамтамасыз ететін күштер ядролық күштер деп аталады.
Ядролық күшті сипаттайтын аналитикалық өрнек жоқ. Бірақ та, ядролық күштердің қасиеті жақсы зерттелген.
Ядролық күштер қасиеттеріне тоқталайық:
1 .протонның центрінен 10-15м қашықтықта ядролық күштер кулондық күштен 35 есе, ал тартылыс күштен 1038 есе қуатты болады. Сол себепті ядролық күштер күшті әрекеттесу күштері болып табылады.
2.Қысқа әрекетті күш – қысқа аралықта ядролық тартылыс күштері кулондық тебіліс күштерінен жүздеген есе артық болады, ал алыс аралықта ядролық күш әрекеттесулерге қатыспайды.
Зарядқа тәуелсіз — ядролық күш зарядтардың бар – жоғына, олардың таңбаларына тәуелді емес. Сондықтан ядродағы протондар мен протондар, нейтрондпр мен нейтрондар, протондар мен нейтрондар да бір – біріне тартыла береді.
4.Қаныққыш күштер – Ол нуклонның барлық нуклондармен емес, тек өзіне жақын көршілерімен ғана әрекеттесетінін көрсетеді.