Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы жартастарға салынған ежелгі суреттер



бет2/3
Дата19.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#119191
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
12-сабақ. Қазақстандағы жартастарға алынған ежелгі суреттер

ЖАРТАСҚА СУРЕТ САЛУ ӨНЕРІ
Петроглифтер
Қазақстандағы жартастарға салынған ежелгі суреттер
Еліміздің аумағында өмір сүрген ежелгі адамдар қоршаған орта туралы түсініктерін жартасқа суреттер салу арқылы білдірген. Тау беткейлерінен орасан зор сурет галереялары – Таңбалытас шатқалы мен Теректі әулиеден табылды. Ол суреттерден соғыс арбалары, садақ тартып тұрған батырлар, билеп тұрған бишілер салынған. Барлық бейненің үстінде «күн басты тіршілік иелерінің» суреті тұр. Осындай күн бейнесі бедерленген суреттер Сарыарқадағы Жасыбай көлінің жағасында да кездеседі.

Құлжабасы пероглифтері

-Іле-Шу таулары жартастарына 2000 жыл бойы салынған. Жамбыл облысы Қордай ауданы Құлжабасы тауында орналасқан.
-2012 жылы Ә.Марғұлан атындағы археологиялық зерттеу тобы тапқан.
-Жартас суреттерінің саны 4000-нан асады. Бұл суреттер қола дәуірінен бастап ерте темір дәуірі, сақ тайпалары кезеңдерін қамтиды.
-Қола дәуіріне жататындары:
  • Ерте қола дәуіріне- жабайы бұқа, қасқыр маскасын киген адам, аңшылық хикаялары;
  • Орта қола дәуіріне- түйелер мен арбалар;
  • Кейінгі қола дәуіріне- көлемі кішірек жан-жануарлар бейнелері жатады.

  • -Темір дәуіріне - қару ұстаған жауынгерлер, әйел, бала бейнелері салынған суреттер жатады.

Ешкіөлмес петроглифтері

-Жоңғар тау шатқалдарының солтүстік-батыс бөліктеріндегі жартастарға салынған. Алматы облысындағы Ешкіөлмес жотасы бойында орналасқан.
-Суреттер саны 10 000-нан асады.

Зерттеу сұрақтары

  • Петроглифтерде көбінесе кімдер, қандай көріністер бейнеленген?
  • Алғашқы адамдар суретті салу үшін қандай тәсілдерді қолданған?
  • Тастағы суреттер алғашқы адамдардың дүниетанымы туралы қандай ақпарат береді?

3. Петроглифтердің ерекшеліктерін анықтайды:
  • қандай аңдар көптеп салынды? Бұл неге байланысты болды? Сіздер қандай қорытынды шығара аласыздар?
  • бейнеленген көріністер сол кездегі адамдардың тұрмыс тіршілігі туралы қандай ақпарат беруі мүмкін?

  • осы петроглифтерді зерттей келе, олардың наным сенімдері, дүниетанымы туралы қандай нәтиже шығара аласыздар?
    1. Петроглифтерде бейнеленген аңдардың және т.б. тізімін жасайды;
    2. Бейнеленген көріністерді жазбаша сипаттайды.

1-тапсырма


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет