Сабақ тақырыбы Қазіргі сән. Оқшау сөздер Уақыты: Мұғалімнің аты жөні: Кабдуали Ш



Дата08.11.2022
өлшемі187,93 Kb.
#48394
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ ҚАЗІРГІ СӘН


Пәні: Қазақ тілі Т1



Мектеп атауы: Шолақсор орта мектебі

Бөлім атауы

2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам.

Сабақ тақырыбы

Қазіргі сән. Оқшау сөздер

Уақыты:

Мұғалімнің аты – жөні: Кабдуали Ш

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың оқу мақсаттары

Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:
Эмоционалды сөздерді қосып, диалогке қатыса алады;
Оқушылардың көпшілігі:
Оқшау сөздерді еркін қолданып, диалогке дайындықсыз қатысады;
Оқушылардың кейбірі:
Эмоционалды-экспрессивті сөздерді еркін қолданып, диалогке дайындықсыз қатысады;
Оқшау сөздерді орынды қолданып, дербес ой білдіреді.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: Қыстырма сөздер, қаратпа сөздер, одағай сөздер, орфоэпиялық норма, сингармонизм, ықпал
Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:
Менің байқағаным,... Менің ойымша,... Мен... ойлаймын, себебі... Қорытындылай келе,...

Бағалау критерийлері

Таңдауы, талғамы көрінеді;
Сән үлгілері туралы баяндайды;
Оқшау сөздерді қолданады;
Айтылымға қатысады, құрылымдалған мәтін жазады.

Пәнаралық байланыс

АКТ, өзін-өзі тану, өнер, әдебиет, тіл

АКТ-ны қолдану дағдылары

Таныстырылым, бейнефильм

Құндылықтарды игерту

Салт-дәстүр, киім кию мәдениеті

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Алдыңғы білім



Мәдениет: тіл және қарым-қатынас

Жоспар

Кезеңдер

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

Сабақтың басы
5 минут

Оқушылармен амандасу
«Бес қадам» ойыны арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.
«Бес қадам» ойынының шарты:
Ортаға табан іздері тасталады. Оқушылар ортаға шығады. Әр оқушыға өткен тақырып бойынша бір сұрақ қойылады. Оқушы берілген табан іздерін баса отырып, жылдам жауап береді.
Сұрақ үлгілері:
– Ұлттық киімнің 1 түрін ата.
– Қысқы киімдердің 1 атауын айт
– Киім түрлеріне қатысты 1 мақал айт.
– Киімге қатысты 2 сын есім айт.
– Қыздардың 2 киімінің атауын ата.
Ал енді мына суреттерге қарап, бүгінгі сабақ тақырыбын болжап көріңіздер.


http://soyle.kz/article/view?id=18 – киім-кешек атаулары



Негізгі бөлім


2 минут
10 минут

5 минут


3 минут
5 минут

2 минут


8 минут

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады.
Қазіргі сән. Оқшау сөздер
Қазіргі сән туралы достарыңмен сөйлескің келе ме?
Қазіргі сән өнерін бағындырған дизайнерлер кімдер?
2-тапсырма
Сөздікпен жұмыс істеп мағынасын түсіндір
Жағалы киім –
Классикалық стиль –
Үйлестіріп кию –
Сәнге айналған –
Спорттық стиль –
Үйлесімді байланыс –
Сән мінбесі –

Ж/Ж. Тапсырма


– Қыздарға арналған қандай киім түрлерін кездестірдіңіздер?
– Қандай ер балаларға арналған киім үлгілерін байқадыңыздар?
– Қандай әшекей түрлері сөз болады?
Төмендегі кестені толтыру тапсырылады.



Қыздарға арналған киім атаулары

Ұлдарға арналған киім атаулары

Әшекей атаулары

1










2










3










Бағалау критерийі:
Әр түрінен кемінде 3 киім атауын жаза алады.
Топтық жұмыс. «Сәнбике немесе сәнгер болғың келе ме?» тақырыбында пікірталас ұйымдастыру. Әр топтан 1 сарапшы тағайындалады.
Сарапшылық бағалау.
Бағалау критерийі:
Дайындықсыз диалогке түсу;
Ойын дәлелді көркем (2 теңеу, 2 эпитет қолдану) жеткізу

С. Грамматикалық тақырып түсіндіріледі.


Оқшау сөздер

Оқшау сөздің түрі

Ережесі

Мысалы

Тыныс белгілері

Қаратпа сөз

Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданыла тын сөз.

Самат, ертең сынақ болады. Ұялма, балам, жоғары шық. Ендігі кезек сенде, қарағым!

Оқшау сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.

Қыстырма сөз

Сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөз.

Меніңше, сенің айтқаның дұрыс. Бұларды, әрине, осы жерде жасауға болмайды. Өзі осында келген шығар, сірә?!

Оқшау сөз сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір, соңынан леп белгі қойылады.
Қыстырма сөз түсіндірме сөз не сөйлем түрінде қолданылса, жақшаға алынып жазылады. Мысалы: Жақаң (менің әкем) ол кезде жас еді.

Одағай сөз

Сөйлеуші нің түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз.

Қап, оны кеше сұрау керек еді. Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ қой! Аз сабыр етсең қайтер еді, ә?!

Оқшау сөз сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.

Тапсырма. Оқшау сөздерді пайдалана отырып, 3 сөйлемді ауызша құрастыру тапсырылады.
Бағалау критерийі:
3 ықпал түрін, 3 оқшау сөзді қолданып, 3 сөйлемді дұрыс құрастыра алады.
Бағалау «Екі жұлдыз, 1 тілек» түрінде ұйымдастырылады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Жұпқа бөлінеді.
Жұптық жұмыс. Бейнефильм материалын пайдалана отырып, сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып шығады.
Мәтін
... бай Алдардың тоңудың орнына өлең айтып келе жатқанына таң қалып, сөзге тартты. Сондықтан да Алдар көсе байға ... солай жауап берген шығар. ... бай мақтанқұмарлығының себебінен аты мен тонынан айрылды. ... Алдар өлең айтып, байдың назарын өзіне аударды. ... тоңбау себебін қызықтыра түсіндірді. ... байдың шешінуіне себепкер болды. ... байдың бәйбішесі оны «тоналған» деп шошып кетті. Бай болса – өміріне риза.
Тапсырма. Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою.
Керекті сөздер: Алдымен, біріншіден, ал, меніңше, ақырында, мүмкін, екіншіден.
Оқушылар жаттығуды орындап болған соң, топпен бірге талдайды. Керекті сөздердің қыстырма сөздер екендігіне назар аударып, тыныс белгісін еске түсіреді.
Бағалау критерийлері:
Қыстырма сөздерді орнымен қолданады;
Екі сөзден қателесуі мүмкін.
С. Оқушыларға қыстырма сөздерге байланысты ереже түсіндіріледі.
Қыстырма сөз – сөйлемдегі ойға айтушының көзқарасын білдіретін оқшау сөздің бір түрі.



Ой тәртібін 
білдіреді

Қуаныш, 
аяушы лық, 
өкінішті білдіреді

Растау, 
теріске шығару 
мағынасын білдіреді

Ойдың кімнен
шыққа нын білдіреді

Күмәнді
ойды білдіреді

біріншіден,
екіншіден, алдымен,
ақырында

бақытына қарай,
амал қанша, өкінішке орай

сөз жоқ, әлбетте, шынында, бәсе

меніңше, 
оның айтуынша

сірә, мүмкін, бәлкім

Сынып оқушылары қыстырма сөздерді қатыстырып, дайындықсыз ауызша диалог құрастырады.
С. «Қазіргі жастардың сән киімі қандай?» деген тақырыпта дөңгелек үстелде пікір алмасады. Олардың қыстырма сөздерді қолданып сөйлеуіне басты назар аударылады.

https://wordwall.net/play/36820/137/178

https://wordwall.net/play/36819/586/299





Қорытынды
5 минут
Үйге тапсырма

Рефлексия
Мен сабақтан қандай әсер алдым?
Маған не қиын болды, не оңай болды?
Маған қандай ақпарат жаңалық болды?
Маған әлі де нені жетілдіру керек?
«Сән әлемі» туралы ақпарат жинап келу (кемінде 2 ақпарат)
Оқшау сөздерді қайталау



Қосымша мәлімет

Рефлексия
Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге?





Қорытынды бағалау.
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

Қандай екі жағдай сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік берер еді (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

Жалпы сынып немесе жеке оқушылар жайлы мен не білдім? Келесі сабақтарға дайындалу барысында бұл мәлімет қандай көмегін бере алады?



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет