Сабақ тақырыбы Баламалы ойындар құрастыру Оқу мақсаттары



Дата31.03.2023
өлшемі16,3 Kb.
#78030
түріСабақ

Мектеп

100 «Жұлдыз» жалпы орта білім беретін мектебі

Мұғалімнің аты-жөні

Тагаев Бауыржан Диярович

Сынып

9 «Ә»



Күні

16.03.2023 ж

Қатысушылар саны:




Қатыспағандар саны:




Бөлім

6-бөлім. Команда құру ойындары

Сабақ тақырыбы

Баламалы ойындар құрастыру

Оқу мақсаттары

9.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін бағалау және талдай білу

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Білім алушылар жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсінеді және өзгермелі жағдайға жауап қайтара біледі, қимыл-әрекеттермен байланысты білімді түсінеді.
Көбі: Білім алушылар жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсінеді және бағалайды өзгермелі жағдайға жауап қайтара біледі, қимыл-әрекеттермен байланысты білімді түсінеді.
Кейбірі: Білім алушылар жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсінеді және бағалайды өзгермелі жағдайға жауап қайтара біледі, қимыл-әрекеттермен байланысты білімді түсінеді және талдай біледі.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың басы
10 минут

Сабаққа спорттық киіммен келу. Қатарға тұру. Сәлемдесу. Рапорт тапсыру. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысу. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін сақтау. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін түсіндіру. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Кері байланыс арқылы бағалау

Баскетбол доптары, себет, секундомер, ысқырғыш.
http://www.gomelscouts.com/uderzhi-napadayushhego.html
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%82%D1%80%D0%B8%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB



Сабақтың ортасы
30 минут

(Т, ҚБ) «Шабуылшыға тосқауыл бол». Сынып екі командаға бөлінеді. Бір команда айып алаңының ішіне орналасады (қорғаушылар), ал екінші команда айып алаңының сыртында
болады (шабуылшылар). Шабуылшы айып алаңы сызығы бойымен еркін қозғалады. Оның мақсаты – келесідей техникалық элементтерді орындай отырып қалқанға тез өту: екі адымнан соң тоқтау, адымдау, денемен финттер. Оған кедергі болатын қорғаушы шабуылшы мен қалқан арадағы жағдайды сақтап қалуға тырысады. Ойын мұғалімнің белгісімен басталады. Одан соң командалар рөлдерімен ауысады.
Қателіктерге аз мөлшерде жол берген команда жеңімпаз болып саналады.

Ойын мұғалімнің белгісімен басталуын бақылауда ұстаңыз. Берілген тапсырма орын ауыстыру техникасын бекіту, ойын жағдайында тактикалық әрекетті оқытуға бағытталғандығын оқушылардың есіне
салыңыз.
Шабуылдаушы мен қорғаушы арасындағы қақтығыстарда екі жақтан да дөрекі ереже бұзушылықтың болмауын қадағалаңыз (итеру, соққы жасау).
Берілген тапсырманы орындаудағы шабуылшы мен қорғаушы рөлдерін талдаңыз.




(С, Т, ҚБ) Оқушылар 3 адамнан тұратын 2 командаға бөлінеді. Ойын алаңның бір бөлігінде ұйымдастырылады. Бұл бір себетпен ойналатын баскетбол. Баскетболдан өзгешіліктері: 1) 3 секундтық аймақ болмайды; 2) команда құрамы 2-3 адам; 3) доп себетке салынған сайын ойынды себетке салушы команда бастайды; 4) стритболда дөрекі ойындар болады, алайда көше ойыны сондай болуы керек деп саналады; 5) егер баскетболда салынған доп үшін 2 ұпай берілсе, стритболда 1 ұпай беріледі; 6)
айып добын лақтыру сызығы әдеттегі баскетбол алаңындағыдай қашықтықта болады. Сонымен қатар, 3 ұпайлы доп тасталудың орындалуы стритболда тек 2 ұпай ғана беріледі.

Оқушылар берілген ойын барысында қауіпсіздік ережесіне назар аударулары қажет.
Стритбол – 3ке 3 ойыны. Команда 4 ойыншыдан құралады (3 алаң және 1 қосалқы ойыншы). Оқушылар допты ойынға қосушы команданы алдын ала анықтайды.
Сұраңыз: Стритбол ойыны әдеттегі баскетболдан несімен өзгешеленеді?
Оқушылар, стритбол ойыны мен төрелік ережесін бағалайды және талдайды.




Сабақтың соңы
5 минут

Оқушылар тыныс жолдарын қалпына келтіреді. Қиындық тудырған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Бір-біріне кері байланыс жүргізеді.

Мүғалім оқушыларға кері байланыс жүргізеді. Сабақ барысында жіберілген кемшіліктер мен нәтижелерді талқылайды.




Үй тапсырмасы: жалпы дамыту және бой жазу жаттығуларын орындау

Оқушылардың үй тапсырмасын мұқият тындауын қадағалау





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет