Оқушылармен амандасу.
Біріккен оқу ортасын құру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақта алған білімдерін актуалдандыру
Сабақтың ортасы
22 мин 28 мин
23 мин
Ықтималдықтар теориясы мен статистиканың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы ақпарат беріңіз. Ықтималдықтар теориясы кездейсоқ құбылыстар мен сол құбылыстарды басқаратын заңдарға іс-әрекет жасауды қарастырады. Кездейсоқ оқиғалар мен құбылыстардың қасиеттерін оқып білу әдістерін әзірлеумен статистика айналысады.
Статистика ғылымы:
статистикалық бақылау, яғни мәліметтерді жинау;
жиналған мәліметтерді топтау, өңдеу және жинақтау;
жиналған, өңделген мәліметтерді талдау және қорытынды жасаумен айналысады.
1) Статистикалық зерттеудің бірінші кезеңін белгілі бір жоспарға сәйкес ұйымдастырылған қандай да бір статистикалық деректер жинаудан тұратын үрдісті статистикалық байқылау деп атайды.
Оқушылармен бас жиын, кездейсоқ таңдалым, вариациялық қатар және варианта ұғымдарын қайталаңыз. Статистикалық бақылауға әлеуметтік сауалнамалар жатады.
2) Сипаттау статистикасы берілен статистикалық ақпараттарды алғашқы өңдеуден өткізеді: оны оңай оқылатын кестелер түрінде көрсету, диаграммаларда бейнелеу және ең маңызды сандық сипаттамаларды есептеу.
3) Математикалық статистика зерделі түрде жұмысты талап ететін зерттеулермен байланысты - белгісіз параметрлерді бағалау, гипотезаларды тексеру және статистикалық қатынастарды және тәуелділікті зерттеу. Жиналған және жүйеленген статистикалық деректер талдануы керек. Осы талдаулардың арқасында жүргізіліп жатқан зерттеулердің қорытындылары шығады. Тұжырымдарды дұрыс талдау және сенімді қорытынды алу үшін сипаттау және математикалық статистика әдістерін жақсы білу керек.
Оқушылармен бақылау және сипаттау статистикаларын білетіндері туралы әңгіме қозғаңыз. Осы оқу жылында статистикалық зерттеудің үшінші бөлімі математикалық статистиканы өтетіні туралы айтыңыз.
Математикалық статистика - бұл ғылыми және практикалық тұжырымдар үшін статистикалық деректерді жүйелеу мен пайдаланудың математикалық әдістерін дамытатын ғылым.
Математикалық статистика, статистикалық деректердің негізінде жасалған қорытындылардың анықтығы мен дұрыстығын бағалауға мүмкіндік беретін ықтималдықтар теориясына сүйенеді (мысалы, таңдалып алынған зерттеу кезінде талапқа сай анық нәтижені алу үшін жеткілікті таңдалымның алынуын бағалау).
Қорытындылай келе, оқушылармен бірге осы бөлімге байланысты жоспар құрыңыз:
статистикалық зерттеудің алғашқы екі кезеңін қайталау.