1-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.
Сабақтың ортасы
(6-40минут)
*МК-Мұғалімнің көрсетуі
*Ұ- ұжымдық жұмыс
*Т-топтық жұмыс
*ОТ- оқушының тәжірбиесі
*Ө- өзіндік жұмыс
*Қ-қалыптастырушы бағалау
* Ж- жұптық жұмыс
|
(МК, Ұ) 1-бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланыста 8 сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушылар сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен , жеке-жеке қайталайды.
Берілген суреттер бойынша диалогтітолықтырып айтады. Сыныптың деңгейіне қарай бұл екі тапсырманы керісінше де ұйымдастыруға болады.
(Т) Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп әр топқа 4 суреттен беруге болады. Диалогті дұрыс толықтырып айтқан топ жеңіске жетеді.
(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға осы суретте берілген сұрақтарды қояды (өтініш жасайды, амандасады, қоштасады) оқушылар оларға өз қалауы бойынша жауап бере алады.
Сәлем!
Сенің атың кім?
Бұл кім? (мұғалімнің қолында бір адамның суреті болу керек)
Бұл не? (Мұғалімнің қолында заттың суреті болу керек)
Маған кітап (қарындаш, қалам, дәптер) берші. Бұл зат мұғалімнің қасында болу керек.
Сенде неше қалам бар?
Сенің етігің (көйлегің , шалбарың, жейдең) қандай?
Сен не киесің?
(Ж) Оқушыларға берілген сұрақтарды бойынша жұппен жұмыс істейді.
(МК,Ұ) Бұлсабақта түстерді киім атауларын, сандарды қайталауға арналған қосымша тапсырмаларды ұйымдастыра алады.
(Қ) осы бөлімнің соңында оқушылардың
-амандасу
-қоштасу
-Өзінің атын айта алу, басқадан атын сұрай алу
- кім? Сұрағына жауап беретін сөздер айту
-не? Сұрағына жауап беретін сөздер айту
-1-ден 10-ға дейін санай алу
-түстерді ажырата алу,қандай да бір заттың түсін айта алу (бәтеңке жасыл)
- өзінде не бар екенін айта алу (менде доп бар. Менде сары доп бар)
-бір нәрсені сұрап алу (маған кітап берші)
-алғыс айта алу (Рахмет)
-өзінің не киетінін не кимейтінін айта алу, олардың түсін ажырата алу
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай –ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
|