Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем Оқу бағдарла- масына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/3
Дата03.12.2023
өлшемі15,38 Kb.
#133330
түріСабақ
  1   2   3


Қысқа мерзімді жоспар



Бөлім:

Менің мектебім

Педагогтың аты-жөні:

Жолдасалы Ақсезім

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сұраулы сөйлем

Оқу бағдарла- масына сәйкес оқыту мақсаттары

2.3.7.1 сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану;
2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу;
2.2.3.1 мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Сабақтың мақсаты:

Сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолданады. Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады. Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді.

Сабақтың барысы



Сабақтың барысы







Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы (5 мин)

Психологиялық жағымды ахуал орнату. (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Сұрау мағынасындағы сөз Сыздыққа шын сырын айтып, сырласыпты: - Өткен сабақтан бері менің атымды білгенмен, сырымды жете білмейтіндерің де бар. Сырттай ғана біліп, іштей істес болмағандықтан, дұрыс кідіріс жасамай оқып, басқа сөзге айналдырып жібересіңдер. Әрине, ондай қателіктен кейін көзімді бақырайтып қойып, нүктені не леп белгісін әкеп қоя салатынын қайтерсің? Бұған қайтіп ренжімессің?Балалар, сұрау мағынасындағы сөзді өкпелетпей, төмендегі тапсырмаларды қатесіз орындайық.


Жаңа тақырыпты ашу.
Көру диктанты
Көлбеңдейді көбелек. Көбелекке не керек? Көз тартады гүл өрнек, Көйлегі оның керемет!

Психологиялық ахуалға берілген ширату жаттығуларын орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.







Дәптер

Ортасы (35 мин)

37-жаттығу. «Қазына іздеу» әдісі арқылы мәтіннің басын және соңғы бөлігін оқиды. Мәтін не туралы екенін, оның негізгі ойы неде екенін анықтайды. Қарамен жазылған сөйлем тиісті дауыс ырғағымен оқытылады. Оның қандай сөйлем екенін айтып, дәлелдер келтіреді.
38-жаттығу. Мәтінді түсініп оқиды.
Мәтіндегі сөйлемдердің тыныс белгісіне
назар аудартылады.
Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемнің
оқылу ырғағын салыстырады. Ой
қорытындысын жасайды.
Терме диктант
Өлеңнен сұраулы сөйлемдерді теріп жаз.
Шегене деген немене?
Соны білгің келе ме?Шамалы, азды, шағынды
Бабалар деген шегене.
(М.Әлімбай)

Мәтінді бөліктерге бөліп оқиды. Негізгі ойды анықтайды. Қарамен жазылған сөйлемнің түсін анықтайды.
Мәтінді түсініп оқиды. Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемдерді салыстырып оқиды.

От шашу”әдісі арқылы бағалайды.


Бес бармақ”әдісі арқылы бағалайды.

Оқулық


Оқулық




Оқулықтағы жаңа ақпарат оқытылады. Жаңа ақпараттан алған мағлұматы туралы ой бөлісіп, пікір алысып, дәлелдер келтіріледі.
Өз ой қорытындыларын оқулықта берілген жаңа ақпаратпен салыстырып, рефлексия жасайды. Тапсырмаларды қандай деңгейде меңгергенін тиісті баспалдақты бояу арқылы көрсетеді. Өз ойымен бөліседі. Мәтіндегі сұраулы сөйлемдерді теріп жазады. Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату білігі бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет