|
Денсаулыққа байланысты мақалдар жалғасын табу
|
бет | 3/3 | Дата | 26.12.2023 | өлшемі | 9,33 Mb. | | #143978 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: 2Ә Самыкова А.Денсаулыққа байланысты мақалдар жалғасын табу - Денсаулық- ...... ( зор байлық)
- Тәні саудың........(жаны сау)
- Емнің алды........( еңбек)
- Тазалық –саулық негізі,( Саулық –байлық негізі)
- Шынықсаң-.... (шымыр боласың)
- Ас тұрған жерде ..... ( ауру тұрмас)
- Ас адамның..... ( арқауы)
- Жаным арымның ..... (садағасы)
- Ішің..... аузыңды тый ( ауырса)
- Жарлының байлығы -...... саулығы (денінің )
Тренинг «Денің сау болсын десең…»
Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.
Қорытынды: Мұғалім: Денсаулық кепілі –ұқыптылық, тазалық, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу. Сондықтан да «Денсаулық -зор байлық» деген мақалдың мәні осында жатса керек. Басты байлығымызды қорғайық. Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі-салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулелендірейік!
Үйге тапсырма:
“Біз зиянды әдеттерге қарсымыз!” тақырыбына үнпарақтар дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|