Ұйымдастыру кезеңі
Шарты: жаһандық азаматтықты қалыптасытыру мақысатында әртүрлі ұлт өкілдерінің амандасу рәсімі арқылы бір-бірінің көңіл күйлерін сұрау.
БЫМ
Б 1. «Ойшақыру» әдісі арқылы суреттер топтамасын ұсынып, тақырыпты ашу.
Не көріп тұрсыз?
Не сезіп тұрсыз?
Суреттерді біріктіріп, негізгі ойды анықтаңыз?
Ж 2. Өткен сабақта алған білімдері бойынша диалог құру
«Сен маған мен саған» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне
өткен тақырыптар аясында сұрақ-жауап алмасып, білімдерін толықтырады, еске түсіреді. Ол үшін тақтаға тірек-сөздер ұсынылады. Мысалы, ру-тайпалық құрылым, туыстық принциптер, ауызша тарихнама, шежіре, ру, тайпа, ата-жұрт, ата-мекен, ел, әлеуметтік жіктелу, ақсүйек, қарасүйек, хан, сұлтан, би, батыр.
М Бүгінгі сабақтың тақырыбын және қандай оқу мақсаттары бойынша жұмыс жүргізетіндерін, бағалау критерийлері мен тапсырма барысына қысқаша түсіндірме жүргізу.
Т Зерттеу және топтық жұмыс
Зерттеу жұмысы: дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы (тарау бойынша өткен тақырыптарды қорытындылау үшін топтық жұмыс ұйымдастыру)
Шарты:
Тапсырманы дайындау: 15 минут
Қорғау: 6 минут (әр топқа 2 минуттан)
Мұғалімге ұсыныс: топтарды қажетті материалдар қамтамасыз етіңіз (мысалы, ноутбук, планшет немесе әдебиеттер қоры т.б.).
1-топ: «қазақ халқының қалыптасуы барысындағы этникалық үдерістер» тақырыбында инфографика дайындау;
Тапсырма критерийлері:
ақпараттың толық, жүйелі ұсынылуы;
тақырыпты нақты әрі қызықты түсіндіруі;
безендірілуі;
дереккөздерге сілтеме жасауы.
(Ескерту: инфографика дайындау үшін «pictochart.com» сілтемесін қолданыңыз.)
Достарыңызбен бөлісу: |