Айналадағыларға қамқорлық көрсету; шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс
Жаратылыстану, өзін-өзі тану
Алдыңғы білім
Әл Фараби
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
Сабақтың басы Сабақтың ортасы (10 мин)
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Психологиялық ахуал тудыруда (2 мин.).
«Кел билейік ойыны» арқылы сандар мен топқа бөлу
1-«Жырау»
2-«Қолбасшы»
3-«Батыр»
4-«Ерлік»
Үй тапсырмасын «Алтын қорап әдісі» арқылы сұрау( 5 минут )
1.Әбу-Насырды неге Әл-Фараби деп атаған?( Фараб қаласында дүниеге келген.)
2.Шығыс жұртшылығы Әл-Фарабиге қандай атақ берген?( Аристотельден кейінгі екенші ұстаз).
3. Әл-Фарабидің трактаттарының саны қанша? (150- ден аса)
4. Әл-Фарабидің ең алғаш үйренген тілдері?(араб,парсы )
5 Әл-Фараби кім? ( ойшыл, философ, математик, физик,музыка зерттеушісі)
6 . Әл-Фараби алғаш реет қай жерде білім алған? (Отырыр медресесінде )
7. Әл-Фараби қанша тіл білген? ( 70-ке жуық)
8. Әл-Фараби қанша жасында қаза тапқан?( 80 жасында)
Жаңа сабақ
Доспамбет жырау (1490 – 1523) — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахан маңында қаза тапты. Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат - мақсаты, түсінік - талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды. «Айнала бұлақ басы таң», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Азау, азау дегенің», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» т. б. шығармалары бар. Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды.
Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата - бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді. Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі һәм өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Жыраудың шығармалары біздің заманымызға толық жетпеген. Оның жырларының көпшілігі жорық үстінде қолма - қол айтылған. Сондықтан ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен. Осы аз ғана жырларының өзінен - ақ оның жырды түйдек - түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе 1893 жылы М. Османовтың «Ноғай уа құмық шығырлары» атты жинағына енген. Кейін 1896 жылы
В. Радловтың «Халық әдебиетінің үлгілері» деген жинағына басылды. Оның жырлары «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «XV - XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды», т. б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді.
«Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауы
Қоғалы көлдер, қом сулар
Қоныстар қонған өкінбес.
Арыстандай екі бұтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес.
Кілең бұздай кілшейтіп,
Көбелер киген өкінбес.
Жұпарын қардай боратып,
Арулар құшқан өкінбес.
Торы төбео ат мініп,
Той тойлаған өкінбес.
Құрама шап-шақ көп қымыз
Құйып ішкен өкінбес.
Екі арыстан жау шапса,
ӨОқ қалқандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе,
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес!
« Айналайын Ақ Жайық» толғауы
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?!
Еңсесі биік боз орда
Еңкейе кірер күн қайда ?!
Қара бұлан терісін
Етік қылар күн қайда?!
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда?!
Күмбір,күмбір кісінетіп,
Күренді мінер күн қайда?!
Толғамалы ақ балта
Толғап ұстар күн қайда?!
Алты құлаш ақ найза
Ұсынып шаншар күн қайда?!
Садақ толған сайгез оқ
Масағынан өткеріп,
Басын қолға жеткеріп,
Созып тартар күн қайда?!
Кетбұғадай билерден
Кеңес сұрар күн қайда?!
Еділдің бойын ен жайып,
Шалғынға бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан
Бозбаламен күліп-ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?!
Озушылар, озмаңыз,
Озсаңыз ,бізім бетке бармаңыз!
Бізім бетке барсаңыз,
Есақай, Қосай -екі ұл
Алдыңызға жыр құшақпай
Жылай шықса ,не айтарсыз?!
Оларға айтарыңыз сол болсын:
Жәмішіден қос айтып,
Жараға мамық тосатып,
Келе жата дегейсіз.
Ол айтқанға тимесе,
Бұрынғылар түскен жүрі жол
Бұрылып оңға түсті дегейсіз!..