Сабақ тақырыбы: Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдары қандай болды?



бет1/5
Дата04.10.2024
өлшемі64,09 Kb.
#146862
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
7 СЫНЫП ҚМЖ Қ.т.






Күні:

ТАНЫСТЫ

________________


« » қазан 20-- ж.



Мұғалімнің аты-жөні:



Сынып: 7

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдары қандай болды?

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1В XVIII ғасырдың І-ші жартысындағы Қазақ хандығы

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 8.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау

  • 8.3.2.3 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

Сабақ мақсаты

  • Кіші жүздің Ресей құрамына қосылу ерекшеліктерін, салдарларын анықтайды

Бағалау критерийлері

  • Оқушылар Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайын сипаттайтын аргументті атайды.

  • Негізгі ұғымдарды таңдап, Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресейге қосуының негізгі мақсаттарын түсіндіреді.

  • Кіші жүздің Ресейге қосылуының себептерін анықтайды.

  • Әбілхайыр ханның саясатына өз ойын білдіріп, дәлелдер мен дәйектер келтіреді.

Тілдік мақсаттар



Пәнге тән лексика мен терминология:
Кіші жүз, Орта жүз. алғышарттар, елшілік, бодандық, елшілер, ант, келіссөз.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • ХVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ...

  • Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың Ресейдің қол астына кіруінің себептері ...

  • Кіші жүздің Ресейдің құрамына енуінің жүзеге асуы ...

  • Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының салдары ...

Тыңдалым: Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуы бойынша бейнероликті көреді. Айтылым:Кіші жүз ханы Әбілхайырдың мақсаттарын түсіндіреді. Оқылым:Тарихи құжаттарды зерттей отырып,Әбілхайыр ханның императрица Анна Иоанновнаға жазған хатынан үзіндіні оқып,талдау жұмысын жасайды. Жазылым : тапсырмаларды дескрипторларға сай жіктейді.

Тарихи концепт

Себеп және салдар

Құндылықтар

Қазақстандық патриотизм
Құрмет
Ынтымақтастық
Академиялық шындық
Ашықтық

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Осы кезендегі Қытай, Жоңғар, Ресей мемлекеттері мен Қазақ хандығы арасындағы саяси-экономикалық байланыстың ерекшеліктерін түсінеді. Ел бірлігін сақтап қалудағы – ел билеушісінің маңызын түсінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет