М Негізгі ұғыммен және негізгі тұлғамен таныстырып өту.
Бодан – басқа мемлекетке тәуелді ел. Кіші жүз 1731 жылы Ресей империясының құрамына кіруі туралы келісіммен бодандықты қабылдаған.
Әбілхайыр – (1693–1748) – Кіші жүз ханы. Кіші жүзге 1718 жылы хан сайланып, 30 жыл басқарған. Саяси шешімдерді қабылдауда ешкіммен келіспей-ақ өзіндік ұстанымына сай әрекет етуімен ерекшеленді.
Д Сабаққа жалпы шолу. Бейнематериалмен жұмыс. 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:
Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуы қалай жүрді ?
Ресей әкімшілігі Кіші жүз жөнінде қандай үкім шығарды?
Кіші жүздің Ресейге қосылуының салдары қандай болды ?
Дескрипторлар:
- Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуы жағдайын сипаттайтын кем дегенде 2 аргумент келтіреді;
- Ресей әкімшілігі Кіші жүз жөнінде қандай үкім шығарғандығын анықтайды;
- Кіші жүздің Ресейге қосылуының кем деген 1-2 салдарын көрсетеді.
Бағалау. Оқушылардың мәліметті дұрыс түсінгенін бейнематериал барысында кездесетін тапсырмалар арқылы joyteka платформасында бағаланады.
Т. Тақырыптың ашылуы.
2-тапсырма. Топтық жұмыс. Сұрақтар негізінде оқулықпен жұмыс жасаңыз. І-топ. «Гугл» әдісінің негізінде ХVIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы неліктен нашарлағанын анықтайды.
ІІ топ – «Эстафета» әдісінің негізінде неліктен Әбілқайыр хан басқа жүздердің билеушілерімен келіспей, Ресей билігін мойындауға шешім қабылдағанының себептерін көрсетеді
ІІІ топ – «SWOT» негізінде Анна Иоановна қол қойған грамотадағы (құжаттағы) міндеттерін талдайды.
Дескрипторлар:
ХVIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайының нашарлауының 3 себебін анықтайды
Әбілқайыр ханның Ресей билігін мойындауға шешім қабылдаудағы кем дегенде 4 себебін көрсетіп, оларды негізгі және қосалқы себептерге жіктейді
«SWOT» негізінде Анна Иоановна қол қойған грамотадағы (құжаттағы) міндеттерін талдайды, әр бөліміне кем дегенде 1 мысалдан көрсетеді
Саралау: Қабілеті жоғары оқушы 4-тен көбірек мысалдар келтіре/ себептер келтіре алады. Олар өзінің осыған дейін қарастырылған қазақ-орыс қатынасы туралы біліміне сүйене алады. Сонымен қатар берілген ақпаратты толық игерріп, өзіндік тұжырымдарын жасай алады.