Сабақ тақырыбы Экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары



бет3/3
Дата01.04.2023
өлшемі1,65 Mb.
#78229
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
BNYyxAV7mhp8ADbDs8ZkYRq8YDpk5niWtLS52vgi

Инфра-құрылым элементтері

1-топ (пайдасы)

2-топ (зияны)

1

Көлік

1.
2.
3.

1.
2.
3.

2

Байланыс

1.
2.
3.

1.
2.
3.




Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

  1. Экономикалық инфрақұрылым элементтерінің маңыздылығын талдайды.

  1. Экономикалық инфрақұрылым пайдасы мен зиянын атайды.

  2. Экономикалық инфрақұрылым элементтерінің пайдасы мен зиянына мысал келтіреді.



3-тапсырма: «Галерея» жұптық жұмыс.

Әр топ itest.kz сайтынан алынған «Қазақстанның көлік кешені» конспектісін топта талдап, «Экономикалық инфрақұрылымдағы Қазақстанның алатын орны» тақырыбында сурет салады. Топтан бір оқушы жұмысты қорғайды. (10 мин)



Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

  1. Экономикалық инфрақұрылымдағы Қазақстанның алатын орнын анықтайды.

  1. Қазақстанда дамыған экономикалық инфрақұрылым элементтерін атайды.

  2. Қазақстандағы инфрақұрылым кешендерінің ел экономикасының дамуына әсерін анықтайды.

«Өрмекшінің өрмегі» ойыны. Жаңа тақырыпты бір-біріне сұрақ қою арқылы бекіту. (5 мин)


« Жетістік баспалдағы» - өзін-өзі бағалау. Жаңа тақырыпты түсіну деңгейлеріне қарай өздерін баспалдақ бойында орналастырады. (1 мин)


Кері байланыс.
«Алма ағашы» - қызыл, жасыл, сары алмалардың ұнағанын таңдап, артына өзінің ұсынысы мен тілегін жазып тақтаға іледі.
Үй тапсырмасын беру: Интернет желісін пайдалана отырып, «Қазақстандағы ұялы байланыстың дамуы» туралы қысқаша хабарлама дайындау. (2 мин)

Қағаздан жасалған түрлі-түсті ұшақтар.

Интерактивті тақта


Уақытты өлшейтін құрал - таймер


Power Point презентация


«Әуе көлігі» бейнебаянына сілтеме


https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/korsetiletin-qyzmetter-ayasy/lesson/aue-koligi

«Байланыс» бейнебаянына сілтеме


https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/korsetiletin-qyzmetter-ayasy/lesson/bajlanys

«Қазақстанның көлік кешені» конспектісіне сілтеме https://itest.kz/kz/ent/geografia/lekciya_qazaqstannyng_kolik_kesheni



Жеткілікті ұзындықтағы жіп.


Power Point презентация


Тақта

А3 форматтағы алма ағашы салынға сурет

қызыл, жасыл, сары алмалардың суреттері.





Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Сабақтың мақсатын құрастыруда сыныптағы әр оқушының меңгеру деңгейі басшылыққа алынды, дарынды балалардың қабілеттерін одан әрі дамыту көзделді.

Оқушылармен сабаққа қойылған мақсаттарға толық жету үшін әр мақсатқа сәйкес тапсырма берілді. Әр тапсырмаға жеке бағалау критерийлері мен дескрипторлар қойылды. Бұл оқушылардың өзін-өзі шынайы бағалауына мүмкіндік берді.

Сабақ барысында берілген барлық тапсырмалардың оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне кері әсер етпеуі қатаң ескерілді. Сабақ бойы оқушылардың тек оқу үдерісімен айналысуын бақылап отырдым. Оқушылардың назарын сабаққа аудару және жұмыс тиімді жүру үшін жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылды. Оқушылар интерактивті тақтаны, Bilimland.kz, twig-bilim ресурстарын, Power Point презентациясын қолдана отырып, АКТ қолдану дағдыларын қалыптастырды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттарына сәйкес нақты құрастырылды. Барлық оқушылар экономикалық инфрақұрылым элементтері мен функцияларын біліп, түсіне алды. Көпшілігі экономикалық инфрақұрылымның элементтерінің пайдасы мен зиянын ажырата алады. Сыныптағы дарынды оқушылар экономикалық инфрақұрылымдағы қазақстандық компоненттердің қолданылуына баға бере алады.
Әр тапсырманың орындалуына уақытты нақты белгілеу, сабақ барысында уақыт үнемдеуде қиындық тудырмайды.

Қорытынды бағалау.
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: Оқушылардың ұйымшылдықтары топта тірек-сызба құрастыру, «Галерея» ойынын өте жақсы өткізуге мүмкіндік берді.
2: Жаңа тақырыпты оқушылардың толық меңгергенін «Өрмекшінің өрмегі» әдіс арқылы сабақты бекіткенде байқадым.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: Оқушыларға өздігінен ізденуіне көбірек мүмкіндік беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет