Сабақ Тақырыбы: Әлеуметтану және әлеуметтанулық көзқарас


 Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады.Категориялар



бет3/7
Дата07.01.2022
өлшемі31,4 Kb.
#17051
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
2. Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады.Категориялар(яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді, әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің өзара іс – қимылын көрсетеді.

Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік байланыс», «әлеуметтік қатынас», «әлеуметтік процесс», «әлеуметтік тұлға», «әлеуметтік бірлік», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік стратификация», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік мәртебе», «әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік белсенділік», т.б. категориялардың көмегімен нақтылы өмірдің үлгілері мен әлеуметтік мәні жасалады. Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің бес негізгі заңы тұжырымдалған:

1. Әлеуметтік құбылыстардың бірімен – бірі байланыста қатар өмір сүретінін анықтаушы заңдар. Мысалы, өнеркәсіптің дамуы қаланың халқын көбейтіп, ауыл шаруашылығын қысқартуға әкеледі, ал қала халқының бала саны азаяды, ажырасу көбейеді.

2. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстар мен қарым-қатынастардың себептерін анықтайтын заң.

3. Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын) анықтайтын заң.

4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі ықпалдастықты анықтайтын заң.

5. Әлеуметтік құбылыстардың арасындаы болуы мүмкін ықтимал байланыстарды білдіретін заңдар.

Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан – жақты байланысы мен қатынасы оның оның атқаратын қызметінен айқын көрінеді. Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдыментаным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің көкжиегін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашағын ашып береді.

Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылау қызметін атқарады. Ол болмаса, әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс пен катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін.

Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің болашақ дамуын, бағытын анықтайды, яғни болжауқызметін атқарады. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құбылыстар мен ақпараттарды болжап шешуде әлеуметтанудың маңызы зор.

Әлеуметтану қоғамның экономика, саяси, рухани, т.б. салаларында әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда әлеуметтік зерттеулерден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.

Әлеуметтану қоғамда идеологиялық қызметті де атқарады. Әлеуметтану адамдар арасындағы қарым – қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың сана – сезімдерін, мінез – құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік(адамгершілік) функцияны да атқарады.



3.Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар қоғамды нақтылы зерттеу объектісі тұрғысынан алып қарайды. Олардың әрқайсысы қоғамды объект ретінде зерттейді. Алайда олардың өзара айырмашылықтарын зерттейтін пәні арқылы анықтауға болады. Мысалы, саяси экономика қоғамның бір саласын экономикалық жүйесін, саясаттану қоғамның саяси қатынастарын, психология психологиялық құбылыстарды, құқықтану заңның қоғамдағы орнын, рөлін зерттесе, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік қырларын, оның әр түрлі салаларының қызметтерін ашып береді.

Қоғамды біртұтас жүйе ретінде алып қарайтын жалпы ғылымдар деп аталады ( оған тарих пен әлеуметтану жатады), ал қалғандары жеке қоғамдық ғылымдарғы жатады, себебі олар олар жеке қоғамдық құбылыстар мен үдерістердің зерттеуін жүргізеді.



3. Қандай да ғылым болмасын белгілі бір объективтік қажеттіліктерге, өмір сұранысына байланысты пайда болады. Сондықтан біздің нақтылы ғылым туралы біліміміз шектеулі, біржақты, үстірт болмау үшін әрбір ғылымның шығу, пайда болу тарихын білу қажет.

Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдығын жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІY ғасырда өмір сүрген гретің ұлы ойшылдары Платонның «Заңдар», «Мемлекет туралы» еңбектері мен Аристотельдің «Саясат», т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасады.

Платонның «Мемлекет туралы» еңбегіндегі негізгі тұжырым әлеуметтік мәселелерді сыни талдаулардан өткізіп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасау болып табылады. «Қоғам басшысынан бастап бұзылады» деп, ол зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етеді. «Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел». Платонның ойынша, мемлекеттің ойдағыдай өмір сүруін қоғамның негізгі үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер, әскерлер, билеушілер) үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етеді.

Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттілікке жету болып табылады. Бұған белгілі бір заңдар мен билік құрылымдарына негізделген берік мемлекеттік ұйымдар арқылы ғана жету мүмкін екендігі ескеріледі.Бұл мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. еңбектерінде де өткір тұжырымдалған.

Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің даму жолында негізгі төрт кезеңнен өтті:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет