Сабақ Тақырыбы: Әлеуметтану және әлеуметтанулық көзқарас



бет7/7
Дата07.01.2022
өлшемі31,4 Kb.
#17051
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әлеуметтану Ахмет Айдана

әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады. Олардың біріншісінің объектісі – «тыныштық қалпындағы» қоғам болса, екіншісінің объектісі – «қозғалыс қалпындағы» қоғам болып табылады. Әлеуметтік статика әлеуметтік организмнің құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия болса, әлеуметтік серпін оның жүзеге асуын қарастыратын әлеуметтік физиология. Осы әлеуметтік динамикада Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны одан әрі жетілдіреді.

О.Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903 жж.) болды. Оның әлеуметтанулық теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл ой – пікірлер Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізі еді:

1. Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;

2. Әлеуметтік эволюция идеясы.

Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биологиялық заңдар тән. Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар:

1. Қолдаушы.

2. Материалдық игілікті қндіру көзіне негізделу.

3. Қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастрады анықтау.



Г.Спенсер эволюция деп аталатын үдеріске жалпы мынадай анықтама берді. Эволюция дегеніміз – қозғалыстың барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белгілі, өзара байланысқан әртекті күйге өтетін заттар интеграциясы. Кез келген эволюция материяны соның алдындағы тепе – теңдік, біртекті күйінен шығарыпғ әртекті бөлшектердің жиынтығына айналдырудан басталады.

Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттей келе, әлеуметтік институттардың алты тұрпатын анықтап көрсеткен: туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік деп көрсеткен. Ол әлеуметтанушылардың ішінен ең алғаш болып жаңа терминдер енгізді. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет