Келесі жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.
Мұғалім тербелістің екі түрімен таныстырылады.
Еркін тербелістер
Еріксіз тербелістер
Оқушылар осы екі түріне мысалдар келтіреді.
Қандай тербелістерді өшетін тербелістер деп атайды?
Өшетін тербелістердің бар болуының себептерін атаңыздар.
Демонстрациялық тәжірибе көрсету. Резонанс құбылысын Бартон маятнигі арқылы демонстрациялау. Төмендегі суретте көрсетілгендей тербелмелі жүйені құрастырыңыз. Жүргізуші маятник – ұзындығы 0,5 м темірден немесе басқадай металдан жасалады. Қалған маятниктердің ұзындықтарын 0,25 см-ден 0,75 см-ге дейін әр түрлі ұзындықта алу керек. Жетекші немесе жүргізуші маятникті тепе-теңдік қалпынан шығарып, тәжірибені осы қондыпғыны қырынан қарап тұрып бақылау керек. Сонда тербелістер, амплитудалары жақсы көрінеді.
Оқушыларға резонанс құбылысын анықтап көруді тапсырамыз. Яғни, фазалық ығысуларды, тербелістердің амплитудаларының кемуін – тербелістің өшуін, тербелістің өшуіне не ықпал ететіндігін өте мұқият бақылаулары керек. Конустық маятниктердің қайсысы жетекші маятникпен резонансқа түседі? - деп сұраймын.
Маятниктер әр түрлі амплитудамен тербеледі. Конустық маятниктердің ішінде жетекші маятникпен резонансқа жібінің ұзындығы жетекші маятникпен бірдей немесе шамалас маятник қана түседі. Сонымен қатар, резонансқа түскен маятниктің тербеліс фазасы жетекші маятниктің фазасына қарама-қарсы болады.
Резонанс құбылысында да энергияның сақталу заңы орындалады.
Осы тәжірибеден мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасының кенет арту құбылысы резонанс деп аталатын құбылысты көреміз.
Резонанс құбылысына сипаттама беретін видео көрсетіледі
https://www.youtube.com/watch?v=nQaJloZD-xY
Оқушылар видеоны екі- үш сөйлеммен қорытындылайды.
Резонанстың пайдалы және зиянды әсерлері туралы мағлұмат беріледі. Осыдан кейін резонанстың теріс және пайдалы әсерлері туралы видео көрсетіледі және талданады.
Оқушылар ғаламтордың және кітаптардың көмегімен резонансты пайдасы мен зиянын зерттей алады. Олар Такома қаласы туралы видеоны көрген соң резонанс кездесетін басқа мысалдарды ұсынуы мүмкін, мысалы: машина айнасы немесе киім кешекке арналған центрден тепкіш кептіргіш машина, бір мотордағы бір жиілікте вибрацияланатын қозғалтқыш. Өшетін тербелістердің резонансқа ұшырау әсерін білу жер сілкінісі кезінде ғимараттарды зақымдалудан қорғау үшін пайдалы.
Оқушылар көрген видеоларды жұптарымен талдап оның пайдалы және теріс әсерлеріне бір-бір мысалдан келтіреді.
Бекіту сұрақтары:
Өшетін тербеліс, мысалдары
Өшпейтін тербеліс, мысалдары
Еркін тербелістің анықтамасы, мысал келтіріңіздер.
Еріксіз тербелістің анықтамасы, мысал келтіріңіздер .
Резонанс құбылысы деп қандай құбылысты айтады?
Резонанс құбылысының өмірдегі көріністеріне мысалдар келтіріңіздер, құбылыс неліктен болатынын сипаттаңыздар.
Резонанстың мысалдары: пайдасы, зиянына мысалдар келтіріңіздер.
Қалыптастырушы бағалау «Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс»
Есептер шығару:
Пойыздың ұзындығы 25м рельс бойымен қозғалысы кезінде, вагон рельс тораптарында еріксіз қозғалыстар тудыратын соққы алады. Егер вагонның меншікті вертикаль тербелістерінің периоды 1,25с болса, резонанс пойыз қандай жылдамдықпен қозғалғанда пайда болады?
|