Сабақ тақырыбы: «Этносаралық қатынастар: бейбіт өзара әрекеттестік тәсілдері» Дүниежүзі тарихы 10 сынып Пән мұғалімі: Даулеева Гулсим Турдибековна №69 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі
10.2.2.5 қазіргі кездегі интеграциялық процестердің тиімділігін бағалау;
Бүгінгі сабақта: ● Саяси жүйедегі халықаралық ұйымдардың рөлі; ● маңызды халықаралық ұйымдардың негізгі міндеттері мен қызметінің бағыттары жайында оқимыз
ЭТНОС
бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. Алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ".
ИНТЕГРАЦИЯ
• Интеграция - (лат. integratio - қалпына келтіру, толықтыру, integer - тұтас, бүтін) - мемлекеттерді əр түрлі сала бойынша біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс - қимылын тереңдету.
Халықаралық ұйымдар
Халықаралық ұйымдар – қазіргі әлемдегі халықаралық әріптестіктің негізгі құқықтық-ұйымдасу формаларының бірі. Ең алғашқы халықаралық ұйым – 1875 жылы құрылған Бүкіләлемдік пошта одағы. Басты мақсаттары : ● дүниежүзілік соғысты болдырмау; ● халық арасындағы экономикалық жəне саяси интеграцияға үлес қосу; ● барлық аймақтық əскери жанжалдарды тез арада тоқтатуға бейбіт жолмен шешуге атсалысу