Өзіндік жұмыс Тақырыбы : Қоғамдағы этникалық топтар әлеуметтанулық зерттеулер



Дата02.12.2023
өлшемі21,1 Kb.
#131446
Байланысты:
ЖАСМИИН



Өзіндік жұмыс

Тақырыбы : Қоғамдағы этникалық топтар әлеуметтанулық зерттеулер

Орындаған: Умирзак Жасмин
Топ: ФҚТ-13

Қоғамдағы этникалық топтар әлеуметтанулық зерттеулер
Этнос , этникалық қауымдастық - /грекше -тайпа, халық/ деген мағына береді. Бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан. Тар мағынада алғашқылардың бірі болып этнос ұғымына анықтама берген М.Вебер. "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет - ғұрыптарының ұқсастықтарына қарамай немесе ортақ отаршылық не көші - қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бірі екедігіне сенетін топ.
Ғылымда және саясатта кең таралған ұғым “ұлт” болып табылады. Оған әр түрлі тарихи әрі қазіргі заманғы мағыналы мазмұн жатқызылады. Ең кең таралғаны осы терминнің көмегімен бір мемлекет азаматтарының жиынтығын саяси бірлестік ретінде белгілеу болып табылады. Кейде саясатта ұлттар деп кәдімгідей мемлекеттерді атайды (Біріккен Ұлттар Ұйымы ұғымы). Ұлттардың басым көпшілігі әр түрлі тілде сөйлейтін және әр түрлі дінді ұстанатын бірнеше, кейде ондаған және жүздеген этникалық қауымдастықтарды қамтиды (американдық, үнді, канадалық, қытайлық, швейцариялық, т.б.). Әдетте мемлекетте ең көп этникалық қауымдастықтың мәдениеті үстемдікке (ресми) мәртебеге ие болады, ал аз қауымдастықтардың мәдениеті ассимиляция мен кемсітушілікке тап болады. Сонымен қатар, ұлттар, этникалық қауымдастықтар немесе этникалық ұлттар деген түсінік (этнос түрі ретінде) айтарлықтай дәрежеде таралған, тарихи пайда болған және адамдардың ортақ мәдениеті мен өзіндік сана-сезімі бар тұрақты этноәлеуметтік қауымдастығы ретінде түсіндіріледі. КСРО-да этникалық ұлт және ұлттық-мемлекеттік құрылыс деген түсінік басшылыққа алынған болатын. Этникалық қауымдастықтар (халықтар) ұлттар деп аталды, ал іс жүзінде өмір сүрген азаматтық ұлт кеңес халқы деп аталды.
Этникалылық түсінудегі мазмұнды аспектісінің рөліне қатысты пікірталастар өткен ғасырдың 70-ші жылдарында басталды. Бүгінгі күннің өзінде анықталмаған, келісілмеген сәттер көп кездеседі. Кейбір ұғымдар түсініксіз немесе қазіргі жағдайды шынайы көрсете алмайды. Пікірталастардың пайда болуы этникалық проблеманы бірінші жоспарға шығарған әлемдегі этносаяси процестермен байланыстырылады. Этносоциологияның категорияларын (этнос, ұлт және этникалылық) тыңғылықты теориялық талдаудан өткізу қажеттілігі туындады. Кең көлемде қолданылуына қарамастан "этникалылық аса жаңа түсінік болып көрінеді”, - дейді Н.Глейзер мен Д.П. Мойнихан. Олар мынадай фактіге назар аударады: бұл терминнің алғашқы түсіндірмесі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігінде тек 1972 жылы ғана пайда болды. Бұл терминді ғылыми айналымға енгізу Л.Уорнер мен П.Лунтуға тиесілі, олар бұл ұғымды "қазіргі кездегі қауымдардың мәртебелік жүйесі” атты жұмыста қолданды.
Этникалылық - бұл ғылымда кеңінен қолданылатын, қоғамда мәдени айырмашылығы бар (этникалық) топтар мен бірдейліктер бар екенін білдіретін категория. Отандық қоғамтануда кез келген жағдайларда, әр түрлі тарихи-эволюциялық типтегі (ру, жұрт, ұлт) этникалық қауымдастықтар (халықтар) жайлы сөз болған кездерде "этнос” термині кеңінен қолданылады. Этнос түсінігі гомогендік, функциялық және статикалық сипаттамалардың бар екенін білдіреді, олар топты, сол сияқты сипаттамалар жиынтығына ие басқа топтардан айырылмайды. Ғалымдар арасында да этникалылық феноменін анықтауға келгенде бірлік жоқ, бірақ олардың этникалық немесе этникалылықтың бар екені жайында айтуға мүмкіндік беретін қауымдастық үшін тән бірқатар сипаттамалар ортақ. Мұндай сипаттамаларға: топ мүшелері мойындайтын ортақ аумақ пен тарихи шығу тегі, ортақ тіл, материалдық және рухани мәдениеттің ортақ белгілері жайында түсініктің болуы; отан және ерекше институттар жөнінде саяси бекітілген түсініктер, мысалы халық деген түсініктің бір бөлігін құрайды деп есептелінетін мемлекеттілік сияқты; ерекшелік сезімі, яғни топ мүшелерінің соған жатқызылуы және осыған негізделген ынтымақтастықпен бірігіп әрекет жасаудың формалары жатады.
Этникалық қауымдастыққа М.Вебер берген анықтама әлі күнге өз мағынасын сақтауда. Оған сәйкес, этникалық қауымдастық - оның мүшелері ортақ шығу тегінде ұқсас физикалық бет-пішінге және әдет-ғұрыпқа немесе екеуіне де немесе отарлануы мен көшіп-қонуы жніндегі ортақ жадына байланысты субъективті сенімге ие топ.
Бүгінгі мемлекеттердің басым көпшілігінің халқы көпұлтты сипатқа ие. Ресей империясының құрамында болған кезеңде және Қазақстанда жүргізген саяси-әкімшілік реформалары барысында алғаш рет қазақ халқының құрамында үлкен өзгерістер басталды. Қазақ халқының ұлттық құрамы моноэтникалық тұтастықтан полиэтникалық сипатқа ие болды. Халық саны жайлы мәліметтер салық мөлшерін, жер иелігі мен жерді пайдалану жүйесін айқындау үшін қажет еді.
ХІХ ғ. 60-жылдарынан бастап Қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныс аудару ісі қолға алынды. Бұл шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылды. Орыс және украин шаруаларын Қазақстанның барлық облыстарына қоныстандыру XIX ғ. 70-жылдары қарқын алып, ғасыр соңына қарай ол жаппай сипатқа ие болды. Осы кезеңнен бастап Қазақстанда құрылған облыстардағы халықтың этникалық құрамы әртүрлі болып қалыптаса бастады.
Ұлт ұғымының ғылыми мазмұны, оны талқылауа көптеген ірі ғалымдар мен публицистердің қатысуына қарамастан ұзақ және тиімділігі төмен пікірталастардың тақырыбы болып табылады. (И.Гердер, О.Бауэр, К.Каутский, М.Вебер, К.Маркс, В.И. Ленин, П.Сорокин, Н.А. Бердяев, қазіргі заманғы қоғамтануда Д.Амстронг, Б.Андерсен, Э.А. Баграмов, Ю.В. Бромлей, А.Г. Здравомыслев, Э.Геллнер, Л.Н. Гумилев, У.Коннер, Э.Смит, Э.Хобебаум, М.Хрох, П.Чатарджи). Әлемдік ғылымда жалпылама қолданылатын “ұлт” түсіндірмесі, әсіресе егер сөз оның шекаралары, мүшелері мен статистикалық категориялары турасында болғанда жоқ. Сонда да соңғы уақыттарға дейін қоғамтануда ұлтты нақтылы тұтастық, қауымдастық деп түсіну үстем болып келді және әлі күнге дейін өз позициясын сақтауда. Бұл жағдайда ұлт базалық қажеттіліктері, өзіндік сана-сезімі, ортақ еркі бар бірыңғай және мақсатты бағытталған ұжымдық индивид ретінде қарастырылады. Ұлтты қазіргі заманғы эмоционалдық және саяси заңдылыққа ие болған, бірақ ғылыми анықтамасы болмаған және бола алмайтын семантикалық-метафориялық категория ретінде қарастыруға болады. Өз кезегінде ұлт ұжымдық түрде қуаттауға болатын бейне ретінде, ұлтшылдық саяси аумақ ретінде (доктрина және тәжірибе) нақтылы өмір сүретін тұтастық ретінде мойындаусыз-ақ өмір сүре алады.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет