4. Христиандық антропология: адам Құдайдың бейнесі ретінде.
Діни философиядағы адам мəселесін қарастыру үшін, ең алдымен, діни антропологияның қандай ғылым екендігіне назар аударсақ. Бұл ілім адамның құдайға, тəңірге, этникалық жəне əлемдік діндердегі қасиеттілікке қатынасы туралы түсініктерге назар аударады. Бұл сонымен бірге діндерді танитын дəстүрлер мен қасиетті мəтіндерге негізделген адамның бағыт-бағдары мен оның мəні туралы ілім. Мұнда адамның шығу тегі мен мəні туралы əр түрлі діни түсініктерге салыстырулар жасалады, адамның жердегі жəне көктегі болмысына, оның ішкі жəне сыртқы мүмкіндіктеріне, оның бостандығы мен парызына деген алуан түрлі көзқарастар сараланады. Өйткені əрбір дін алғашқы қауымдық қоғамнан бастап осы уақытқа дейін адам, оның табиғаты, оның ғарыш пен адамзат қоғамындағы алатын орны, өмірдің мəні мен өлім, адамның Жоғарғы Мəнге деген қатынасы туралы түсініктер беруге тырысады.
Осындай адамға деген діни көзқарастардың алуан түрлілігі оның өмір сүруінің өзінің көп қырлы екендігін көрсетеді. Христиан теологтары адам туралы өздерінің түсініктерін сипаттап беру үшін антикалық философияның ілімдеріне жүгінді. Бастапқыда діни ілімдердің шеңберінде, кейін дербес түрде, сонымен бірге олармен əрдайым өзара байланыста бола отырып, діни-философиялық антропология, адам туралы христиандық философия дами бастады.
Христиандық антропология адамды Жаратушының өзіне тектес тудырған Құдайдың жаратқан санаға ие туындысы деп анықтайды. Православиелік антропология апологетика мен патристика, исихазм мен неополамизм сияқты діни ілімдерде көрініс табады. Нақ осында ХІХ–ХХ ғасырлардағы орыстың діни философиясының антропологиялық тұжырымдары қарастырылады, олар: соборшылдық философиясы, софиология, персонализм, гегельшілдік, рухани-академиялық философия. Бұл мəселеге назар аударған орыстың танымал философтары: Памфил Юркевич, Владимир Соловьев, Николай Бердяев, Семён Франк, Павел Флоренский жəне тағы басқалар.
Католиктік антропологияда неотомизм, тейярдизм, неоавгустинизм, экзистенциализм сияқты католик шіркеуінің философиясы мен діни ілімдегі негізгі бағыттар мен тенденциялар көрініс береді. Мұндағы танымал ойшылдар: Анри де Любак, Тейяр де Шарден, Ханс Урс фон Бальтазар, Карл Ранер, Анри Жильсон, Жак Маритен, Эммануэль Мунье, Габриэль Марсель, Поль Рикёр.
Протестанттық антропологияда протестантизм өкілдері, либералды теология, диалектикалық теология, протестанттық экзистенциализмдегі дінсіз христианшылдық, протестанттық герменевтика көрініс береді. Мұнда Мартин Лютер, Жан Кальвин, Фридрих Шлейермахер, Паул Тиллих, Карл Барт, Рудольф Бультманн, Дитрих Бонхёффер, Ганс Георг Гадамер сияқты ойшылдардың антропологиялық ойлары қарастырылады.
Қазіргі заманда антропологиялық мəселелерге қатысты екі қарама-қарсы бағыт қалыптасты деп айтуға болады, олар, біріншіден: орта ғасырлық теоцентристік принциптің жаңа дəуірден бастап антропоцентристік принциппен алмаусына жəне жан-жақты сипат алуына байланысты
«Антропологиялық Ренессанс» кеңге қанат жая бастаған. Екіншіден, бұл позицияға қарама-қарсы көзқарастар пайда болған [1; 53].
Енді адам туралы түсініктерге назар аударатын болсақ. Мысалы, Ежелгі əлемде жекелеген адамның өзі зерттеудің дербес пəні болған жоқ. «Антропология» терминін ертедегі гректер қолданбаған. Христиандыққа дейін антикалық дəуір «тұлға» ұығымын білген жоқ. Адамның өз өзін тұтас бір тұлға ретінде қабылдау идеясын көтерген Тертуллиан болатын, ал тікелей бұл мəселені жеке өз алдына өңдеген Августин Аврелий болды. Христиандықта адам космологиялық сюжеттерден тəуелсіз өздігінен құндылыққа ие болды. Ақыл оймен жанданған, тəндік сезімнің субстанцияға ие қайталанбас жан ретіндегі адам туралы түсінік пайда болды. Христиандық адамды ғарыштық шексіздіктің билігінен құтқарды.
Ежелгі əлемнің Құдайы көбінесе адамды өзінің пайдасына жаратқандай, яғни мұнда адамды табыну мен құрбандықтар шалу үшін ажартқандай. Адамдар бұл дəуірде түкке тұрғысыз күйде. Адамнан гөрі табиғаттың сипаты таза, саналы, асқақ жəне Құдайға жақындау болды.
«Көне Өсиеттегі» мəтіндерге назар аударсақ, мұнда аспан шырақтары, жер мен өсімдіктер жансыз. Таң қаларлығы, адам мұнда құдайдың белгілі бір практикалық мақсаттары үшін құрал ретінде емес, құл да емес, мұнда ол Құдіреттің тудырған табиғатының бейнесі ретінде көрініс береді. Құдай өзінің ерекше туындысы ретіндегі адамға, оның рухани жəне физикалық күйіне қамқорлық танытады. «Жаңа Өсиеттегі» антропология православиелік діни ілімде, кейін католиктік мистика мен схоластикада, соңында протестантизмде дами түседі.
Бір уақытта діни антропологиямен қатар, адам туралы философиялық ілім де дами түседі, бұл ілім антикалық дəуірдегі Сократ пен Аристотельдің көзқарастарынан негіз алды.
Ренессанс пен Жаңа Дəуірдеге философияда жаңа өзгерістер дүниеге келді. Адам зерттеу пəні мен дербес «субъект» ретінде қоғам мен ойшылдардың назарын өзіне аудартты. Жаңа философия адамның қадір қасиеті мен шексіз мүмкіндіктерін көре бастайды. Адамның ролі мен қабілетінің дəріптелгендігі соншалықты, адамда да тəңірге тəн жаратушылық қабілеттер бар деген ойлар пайда болды. Адам өзінің ақылының күшіне, көркемдік талантына, саяси-реформаторлық мүмкіндіктеріне сенімді. Бірақ та уақыт өте келе жаңа антропологияның сырт жағы көріне бастайды. Жаңа дəуір болса адамның ақыл ойы мен адамның саналы жəне жеке адамгершілік құрылымына деген сенім білдіре бастайды. ХХ ғасыр лаңкестік жағдайлары мен қан төгісті дүние жүзілік соғыстармен толыққан дəуірде адам мəселелі жəне құпия мəнге ие болды
Достарыңызбен бөлісу: |