Оқушылардың білімін өзектендіру Х жиынында өсетін және кемитін функциялардың анықтамасын тұжырымдаңыз. Х жиынында қандай функция монотонды деп аталады? Өспелі және кемімелі функция мысалын келтір.
Қандай функция жұп, тақ деп аталады? Жұп функция графигінің, тақ функцияның графигінің ерекшелігі неде? Жұп және тақ функцияларға мысал келтір.
«Жұбынды тап». Сәйкестікке тапсырмалары бар карточкаларды таратып беру, бір оқушыға функция графигін, ал екінші оқушыға формуласын. Функция графигі мен формуланы дұрыс сәйкестендіру қажет. 6 жұп құру.