Сабақ тақырыбы: Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар Оқу мақсаттары



бет2/5
Дата25.11.2023
өлшемі252,04 Kb.
#127715
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
7.2А Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар. ҚМЖ

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Химиялық элементтің жеке бір атом түрі екенін білсе;

  • Химиялық элементтердің таңбаларын білсе;

  • Химиялық элементтердің оқылуы бойынша химиялық формула жазуды білсе;

  • Металдар мен бейметалдарды ажыратса;

  • Жай және күрделі заттарды ажыратса.

Тілдік мақсаттар



Оқушылар химиялық элементтердің таңбаларын жазады, олардың қазақша атауларын атай алады, химиялық формуланы химиялық элементтер көмегімен оқи алады.
Пәнге тән лексика мен терминология: химиялық элемент, химиялық таңба, химиялық формула, индекс, коэффициент, металл, бейметалл, жай зат, күрделі зат.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Әрбір элементтің өзіндік химиялық таңбасы бар. Химиялық таңба (химиялық символ) берілген элементті және оның бір атомын көрсетеді. Егер атомдар саны бірнеше болса, оны таңбаның алдына сан түрінде жазады, ол коэффициент деп аталады. Химиялық формула – заттың құрамы элемент таңбалары және индекстер көмегімен көрсетілетін шартты түрдегі жазу. Индекс – химиялық элементтің атом санын көрсетеді, элемент таңбасының оң жақ төменгі жағына жазылады. Коэффициент – қосылыстың молекула санын көрсетеді, формуланың алдына жазылады.

Құндылықтарды дардарыту

Өмір бойына білім алу – химиялық элементтердің таңбалары көмегімен заттарды құрамы бойынша ажырата алады.

Пәнаралық байланыстар

Физика – атом.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация және видео ресурстармен жұмыс істеп, ақпаратты өңдеу

Бастапқы білім



Жаратылыстану курсынан алған білімдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет