“Ұшқан ұя” повесі мемуарлық жанрдағы шығарма ретінде жазылғанымен, ол проза деңгейіне көтерілген ұлттық сипаттағы нағыз көркем туынды. “Ұшқан ұя” еңбегін ұлттық салт-дәстүрімізді көркем шығармаға мазмұндап берген этнографиялық еңбек деп айтуға толық негіз бар. Шығармадағы негізгі мәселе-Адам, оның кемелдену жолдары болса, шығарма сюжеті осы адамдардың өзара әңгімелесуі, кеңесуі арқылы дамиды.
"Ұшқан ұя" повесіндегі образдар жүйесі
"Ұшқан ұя" повесіндегі образдар жүйесі
Имаш- Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, шымыр шал Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен.
Қызтумас – әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы.
Момыналы – Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі,орысша хат таныған.ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам.
Рәзия – Бауыржан Момышұлының анасы,Байтана руынан Әбдірахманның қызы, Бауыржанның үш жасында қайтыс болыпты.
Момынқұл – әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш, "Таубұзар", әжесінің айтуынша Серкебай нағашысына тартқан.
Төлебай – Момыштың ағасы, ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал, Құрмангүл деген қызы қалды.