Теміртау қаласы
№27 ЖББОМКММ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі: К.Ж.Хамзина
Орыс мектептерінің қазақ тілі пәні бойынша олимпиада материалдары
9 – сынып
I тур
Тест сұрақтары
1. Сын есім қандай сұраққа жауап береді?
А. Кім? Ә. Қашан? Б. Қандай? В. Неше?
2. Қазақстан Республикасының Конституция күні қашан тойланады?
А. 16 желтоқсан Ә. 30 тамыз Б. 25 қазан В. 1 мамыр
3. Киіз үйдің төбесі қалай аталады?
А. Шанырақ Ә. Кереге Б. Уық В. Шатыр
4. Жіктік жалғауының ІІІ жағында тұрған сөзді табыңыз.
А. Оның анасы Ә. Ол ақын Б. Менің күшігім В. Дәрігерсіңдер
5. Жалқы есімді табыңыз
А. Әже Ә. Ақнұр Б. Өзен В. Орман
6. Қазақтың атақты билерін табыңыз
А. Төле, Қазыбек, Әйтеке Ә. Абылай, Касым, Тәуке
Б. Қорқыт ата, Ақан сері, Біржан сал В. Жиренше, Саққұлақ, Сырым
7. «Өнерпаздардың» сөзінде қанша буын бар?
А. 5 Ә. 3 Б. 4 В. 2
8. Авторын табыңыз:
«Бес нәрседен қашық бол:
Өтірік, өсек, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ»
А. Ы.Алтынсарин Ә. А. Байтұрсынов Б. А. Құнанбаев В. М.Мақатаев
9. Тек ашық буыннан жасалған сөзді табыңыз.
А. Шам Ә. Тамаша Б. Дастарқан В. Арқар
10. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз
А. Қар жауса да, тоңбайды бай баласы
Ә. Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады.
Б. Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым
В. Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды
11. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздердің атауын табыңыз
А. Омоним Ә. Көп мағыналы Б. Антоним В. Синоним Г. Фразеологизм
12. Жуан дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А. ң,и Ә. а, ы Б. е, ң В. у, ң Г. і, о
13. Бірыңғай қатан дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
А. б,в,п,й Ә. р,т,к,қ Б. р,н,л,м В. щ,ш,х,ц Г. у,т,з,ж
14. Тұйық буынды сөзді табыңыз.
А. Тұз Ә. Ана Б. Ақ В. Көк Г. Нан
15. Сөйлемді аяқтаңыз: « 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының ....
А. Білім күні Ә. Жаңа жыл Б. Жеңіс күні В. Тілдер күні Г. Тәуелсіз күні
16. Түбір сөзді көрсетіңіз
А. Достық Ә. Жазбалар Б. Кірме В. Ой Г. Аумалы
17. Жұрнағы бар сөзді аяқтаңыз
А. Елім Ә. Еліміздің Б. Елмен В. Елдік Г. Елде
18. «Түріктер мекені, елі» деген мағынаны білдіретін қаланы табыңыз
А. Отырар Ә. Жамбыл Б. Алматы В. Түркістан Г. Астана
19. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді көрсетіңіз
А. Мамық төсек Ә. Суық жел Б. Кеңпейіл адам В. Суық қолды адам Г. Салқын ауа
20. Сын есімді табыныз
А. Майлы Ә. Турау Б. Оқу В. Шырын Г. Кесу
ІІ тур
1- тапсырма. Мәтінді оқы. Аудар. Мәтінде не туралы айтылған? Ол қандай стильде жазылған?
Қазақ отбасында кенже ұл шаңырақ иесі.
Кенже бала отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже бала әке-шешесімен тұрады. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады.
Кенже бала – қара шаңырақ иесі. Қара шаңырақ - үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Әке-шеше қара шаңырақты кенже ұлына береді. Бұл дәстүрдің мәні зор. Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған. Елтаңбамыздағы тұлпарлардың мүйіздері жеті буыннан тұрады.
2- тапсырма. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Құрмалас сөйемнің қандай түрлерін білесің? Мысал келтір
3- тапсырма. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Балқаш – Қазақстанның орталығына жақын жаткан көл, оның тереңдігі 26 метрге дейін, алабы 17 мыңнан 22 мың шақырымға дейін жетеді.
4- тапсырма. «Тұған жерім - алтыным» тақырыбына ой толғау жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |