I Ұйымдастыру кезеңі Өзара сәлемдесу. Үй жұмысына комментарий беру.
Еске түсіру: жалпыланған синустар және косинустар теоремасын және қандай фигураларды тепе-тең деп атайды.
Сабақтың мақсатын және тақырыбын айқындау
IІ Білімдерін өзектеу Жұптық жұмыс №1. Синустар және косинустар теоремасы бойынша ABC үшбұрышын шешіңіз.
№2. Әлемдегі ең үлкен сағат Сауд Арабиясының Мекка қаласындағы Абрадж аль-Бейт мұнарасында орналасқан. Сағат тілінің ұзындығы 17 метр, ал минуттық тіл – 22 метр. 1сағ 30 мин болғанда сағат тілдерінің арақашықтығы қандай болады?
№3. Биіктігі 1 м мүсін пъедесталға орналастырылған. С мүсінінің табаны AD деп белгіленген түзуден 1 м биіктікте орналасқан. ВАС бұрышы көру бұрышы деп аталады.
Турист колоннаның табанынан 3м қашықтықта тұр, яғни AD=3 метр.
a) , ал болатынын көрсетіңіз.
b) Көру бұрышының синусын табыңыз.
№4. Таңғы сағат 7-де ұшақ А қаласынан ұшып шықты. В қаласында жарты сағат кідірістен кейін, ол 8 сағ.10 минутта оң бағытта 350 бұрылды және сағат 9-да С қаласына ұшып келді. Егер ұшақтың орташа жылдамдығы 320км/сағ болса, А және С қалаларының ара қашықтығын табыңыз.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру. Теореманың дәлелдеуін қарастырмас бұрын үшбұрыштың ауданының белгілі формулаларын қайталаңыздар.
Төмендегідей тапсырмаларды жұптық не жеке жұмыста орындатыңыз.
Мысалы:
1. Үшбұрыш ауданы 24, ал іштей сызылған шеңбер радиусы 2-ге тең. Осы үшбұрыштың периметрін табыңдар.
2. Биіктігі 6-ға тең дұрыс үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусын табыңдар.
3. Дұрыс үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусы 6-ға тең. Осы үшбұрыштың ауданын табыңдар.
4. Дұрыс үшбұрыштың қабырғасы -ке тең. Осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусын табыңдар.
5. АВС үшбұрышына іштей сызылған шеңберге үш жанама жүргізілген. Қиылған үшбұрыштардың периметрлері 6, 8. 10. Берілген үшбұрыштың ауданын табыңдар.
7. Дұрыс үшбұрыштың қабырғасы -ке тең. Осы үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустарын табыңдар.
8. Үшбұрыштың гипотенузасы 12-ге тең. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусын табыңдар.
9. Үшбұрыштың қабырғасы 1-ге тең. Оған қарама-қарсы жатқан бұрыш 300. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусын табыңдар.
10. Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғалары 40-қа, ал табаны 48-ге тең. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусын табыңдар.
11. Қабырғалары 2 см, 3 см және 4 см болатын үшбұрышқа радиусы 2 см тең шеңбер іштей сызылған. Берілген үшбұрыштың ауданы мен сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңыз.
12. Қабырғалары 5 см, 6 см және 4 см болатын үшбұрыш берілген. Үшбұрышқа радиусы 3 см болатын шеңбер сырттай сызылған. Берілген үшбұрыштың ауданын табыңыз.