«Қыз Жібек» жырының тақырыбы мен идеясын анықтау. Жырдағы оқиға желісі бойынша өзіндік пікір қалыптастыру, шығарманың көркем тіліне талдау жасау.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:
оқығандарын түсіндіреді;
көзқарастарын жеткізе алады.
Оқушылардың көпшілігі:
ойларын дамыта отырып айтады.
Кейбір оқушылар:
эстетикалық талғаммен көркем шығарманы бағалай алады;
шығармашылықпен айналысады.
Табыс критерийлері
«Қыз Жібек» жырының көркемдік ерекшелігін анықтайды, кейіпкерлер әрекетін бағалайды, қорытынды пікір қалыптастырады.
АҚТ қолдану дағдылары
Bilimland.kz сайтының ресурстары, жырдың аудионұсқасы, фильм дидактикасы.
Пәнаралық байланыс
Тарих, музыка, география, бейнелеу өнері т.б .
Осыған дейін меңгерілген білім
«Қыз Жібек» жырының толық нұсқасымен танысады, кейіпкерлер образына талдау жасады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
болжау стратегиясы, фильм дидактикасы, сұрақ-жауап, ой бөлісу, талдау «Егер де мен...».
Әдіс-тәсілдер
Мұғалімнің әрекеті
Оқушы әрекеті
Дереккөздер
І Ұйымдастыру кезеңі
Сынып ахуалын қалыптастыру
1 минут
Қима қағаздардан мозайка құрастырып, топтасуды сұрайды. Мозайкада берілген суреттер арқылы топасуды тапсырады.
Суретте Төлеген мен Жібек не не жайлы сырласып тұр деп ойлайсыңдар?
Мозайка құрастырғанда әр топ мүшелерінде суреттер шығады. Әр топ мүшелері топ ішінде ақылдаса отырып, ойларын жүйелей отырып, суреттегі кейіпкерлерің атынан сөйлейді.
Слайд Таратпа қағаздағы суреттер
ІІ Үй тапсырмасы Білу
Сұрақ-жауап
5 минут
Жырды алдын-ала оқып, танысу берілген.
Жыр бойынша білімдерін еске түсіру үшін сұрақтар қойылады:
1. «Қыз Жібек» жырының біз оқыған нұсқасын кім бастырып шығарды? 2. «Қыз Жібек» қай ғасырдың еншісіне тиісті? Нақты деректермен айтыңдар.
3. Жағалбайлы жұрты қазір қай жерлерде бар?
4. Жыр қалай аяқталды?
5. Жырдың басты кейіпкері Төлегеннің есімін неге Төлеген қойған?
Болжам жауап: Азан шақырып ат қою. Бала өміріне мән беру. «Төлеген деп қойыпты ұлдың атын... Жұрт жиып Сансызбай деп атын қойды». Ат қою тарихын айту. Қазақ халқының ат қоюға аса үлкен мән бергені. Қазір балаға ат таңдауда шетелдік аттарға үйірсектік болып бара жатыр.