Сабақ тақырыбы Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



бет8/8
Дата21.12.2022
өлшемі119,4 Kb.
#58864
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5-сынып 21.12.2022ж

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың əртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қиындық деңгейі әр түрлі, күрделігіне қарай алға ілгерілеп отыратын сараланған тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырмалар «Әткеншек» әдісінде көрініс тауып, оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
«Теледидар дикторы» әдісі арқылы оқушылар ауызша сұрақтарға жауап береді.
Қарқын - басқаларына қарағанда жұмысты жылдам орындайтын оқушылар үшін қосымша тапсырма беріледі.
Қорытынды - барлық оқушылардың тапсырмаларды орындау нәтижелеріне қарай әрқайсысының не түсінгендеріне, не білгендеріне көз жеткізіліп отырады.
Диалог және қолдау көрсету- барлық оушыларға бағытталған тапсырма бере отырып, олардың əрқайсысының қажеттіліктерін анықтап, сұрақ-жауап алып, көмектесіп, қолдау көрсетіп отырылады
Барынша қолдау көрсету:Анықтамалар мен ережелерді қолданып шығаратын тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беріледі.
Орташа қолдау: Амалдарды орындау, теңдеулерді шешу есептері беріледі.
Қолдау көрсету аз: Оқушыларға логикалық ойлауды қажет ететін тапсырма және мәтінді есептер шығару тапсырмалары беріледі.
Бағалау – оқушылар қажеттіліктері үнемі тексеріліп, түзетіліп, бағаланып отырады. Жіктеу - топ құруда аралас гендерлік топ құрылады.

Топтық жұмыста ширату жаттығулары жауаптарын ауызша тыңдалып тексеріліп,«қошемет» арқылы бағаланады. Жұптық жұмыс барысында дескриптор арқылы тексеріліп, дұрыс жауаптарды «Жарайсыңдар», қате жіберілген тапсырмаларды «Ойлануды қажет етеді» деп бағаланады.
Жеке жұмыс барысындағы саралау тапсырмаларын орындауда семантикалық карта арқылы тексеріліп, «Сыйлық» «+» -жеткілікті,
«-» - жетілдіру арқылы бағаланады. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау барысында дескриптор арқылы тексеріліп, кейбір оқушылардан өз таңдауларын түсіндіруі сұралады. «+» -жеткілікті
«-» - жетілдіруді қажет етеді
қалыптастырушы бағалауы қолданылады.
Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау мақсатында «БББ» кері байланыс түрі қолданылды.



Өмір қауіпсіздігінің алдын алу шаралары сақталып, оқушылардың партаға дұрыс отыруы, сынып бөлмесінің тазалығы қадағаланып отырады. «Мəңгілік Ел» идеясының негізін жүзеге асыруда оқушылардың бойында өзіне деген сенімділік, азаматтылығы мен əлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер, бəсекеге қабілетті тұлғаға тəн қасиет-сапалары жетілдіріледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет