Сабақ тақырыбы Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту тақырыбына есептер шығару



Дата06.01.2022
өлшемі129,35 Kb.
#11381
түріСабақ
Байланысты:
Көбейту


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану


Мектеп: М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі



Күні: 05.12.2018


Мұғалімнің аты-жөні: Қайырбек С.М.


Сынып: 5 «а»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту тақырыбына есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.21 жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейтуді орындау;


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Жай бөлшектерді және аралас сандарды біледі

Оқушылардың басым бөлігі: Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейте алады

Кейбір оқушылар: Жай бөлшектер мен аралас сандарды амалдарды орындау, мәселе есептерді шығару барысында да орындай алады

Бағалау критерийі

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

- жай бөлшектерді көбейту



Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- екі бөлшекті көбейту үшін,... керек;

- бөлшекті натурал санға көбейту үшін,... керек

- аралас санды бөлшекке (аралас санға) көбейткенде ... керек;




Құндылықтарға баулу

Топтық жұмыста- ұжымшылдық,ортақ істің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау

Алдыңғы білім

Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сандарды біледі.Жай бөлшектер мен аралас бөлшектерді қосуды, азайтуды біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарлаған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут




Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа қатысы мен дайындығын қадағалау. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру
Топқа бөлініп отыруын оқушыларға ұсындым.

«Болашақ», «Қыран», «Самға» топтары

Топ өз ұрандарын жариялайды.


АКТ

Үлестірме қағазы

стикерлер

Сабақтың ортасы

5 минут


12 минут

5 минут


15 минут

Өткен тақырыптарды қайталау мақсатында

Үй тапсырмасын тексеру.
Жай бөлшектерді көбейткенде бөлшектерді қысқартып, болған соң, көбейту керек.

Бөлшекті натурал санға көбейту (немесе керісінше). Бұл есеп ой қозғауда қарастырылды ғой, сондықтан ережесін оқушылардың өздеріне қорытуға жетелеу керек:

Ереже: Натурал санды бөлшекке көбейткенде натурал сан бөлшектің алымына көбейтіліп, көбейтінді бөлшектің алымы ретінде алынады да, бөлі-мі өзгеріссіз сол қалпында жазылады.

Аралас сандарды көбейту.

Алдын ала мысалды жазып, шығарылу жолын көрсетіп қойып, оқушыларға көбейтінді бөлшектің қалай шыққандығы туралы ой тастау керек. Есепке қарап отырып оқушылар аралас сандарды бұрыс бөлшекке айналдырғанын байқап, ережені оқушылардың өздеріне қорытуға жетелеу керек.



Ереже: Аралас сандарды алдын ала бұрыс бөлшекке айналдырып, бөлшекке көбейту ережесі бойынша көбейтеміз.
І. «Кім жылдам» әдісі

Бұл бөлімде әр топқа 3 сұрақтан беріледі. Сұрақ өткен тақырыптар бойынша қойылады.



№1

  1. Дұрыс бөлшек дегеніміз не?

  2. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай салыстырамыз?

  3. Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз?

№2

  1. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?

  2. Аралас сандарды қалай көбейтеміз?

  3. Кез келген санды қандай санға бөлгенде өзі шығады?

№3

  1. Аралас санды нөлге көбейтсек неше болады?

  2. Бұрыс бөлшек пен дұрыс бөлшекті салыстыр

  3. Жай бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?


ІІ. «Жасырылған санды тап» бөлімі.

Топ басшылары берілген тапсырманы топ мүшелеріне таратып береді. Ұйымдасқан түрде тақтаға берілген тапсырманы орындау үшін бір-бір топ мүшелерін шығарады.

Шығарылған тапсырмаларады оқушылар дәптерлеріне жазып алу міндеттеледі.

Критерий

Дескриптор

Бөлшек сандарды көбейтеді

Жай бөлшекті жай бөлшекке көбейтудің математикалық моделін түсінеді

Жай бөлшек сандарды көбейту амалдарын орындау кезіндегі ережелерді қолданады

Жасырынған санды табады


ІІІ. «Рухани жаңғыруға межеленген тапсырма»

Қыран құстың сызбасы бар постер беріледі. Сызбаны түрлі қиындылардан сызықтан асып кетпей, толтырып жапсырады.



Сергіту сәті.
ІҮ. Математикалық диктант

Деңгейлі тапсырманы оқушының жеке жұмысына ұсынамын



І нұсқа

ІІ нұсқа

№1

№1

№2

№2

№3 2

№3 2




Критерий

Дескриптор

Бөлшек сандарды көбейтуді орындайды

Жай бөлшекті жай бөлшекке көбейтудің математикалық моделін түсінеді

Жай бөлшекті натурал санға көбейтеді

Аралас санды бөлшек санға көбейту кезінде ережелерді ескереді

Амалдарды дұрыс орындайды




Оқулық

Үлестірме қағазы

АКТ


Үлестірме қағазы

Сабақтың соңы

3 минут


Кері байланыс:

Мақсатқа жетудегі жолдарын жазады.


Үйге тапсырма: 5 тест есеп құрастыру

Қорытынды.

Стикерді пайдаланады.

Күнделіктеріне белгілеп алады



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқулықпен жұмыс барысында деңгейлік тапсырмалар орындау барысында қабілетті оқушылар С тобының есептерін шығарады


Семантикалық карта

Саралау әдісі








Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



ДОІЖО: Н. Садықбеков

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет