Жаңа сабақ Жаңа сабақты «Стоп кадр» әдісі арқылы бастаймын.Мұндағы бейнеролик арқылы оқушылар өздері құрастырған сұрақтарына жауаптар алады. Жарық көздері,жарықтың таралу заңына байланысты бейнематериалдарды көрсету арқылы окушылардың тақырыпты ашуына мұмкіндік беру және толықтай игерту.
https://www.youtube.com/watch?v=JItpzIpr_iw
Жарық көздері Өзінен жарық шығаратын денелер жарық көздері деп аталады. Жарық көздері екіге бөлінеді: табиғи және жасанды жарық көздері.
Табиғи жарық көздері: Күн, жұлдыздар, найзағай, өзінен жарық шығарушы жәндіктер т.б.
Жасанды жарық көздері екіге бөлінеді: жылулық және люминесценцияланатын (салқын жарық көздері).
Жылулық жарық көздері:
Люминесценцияланатын жарық көздері (салқын жарық көздері): күндізгі жарық шамдары, теледидар экраныныӊ жарығы т.б.
Жарық сәулесі – жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық. Жарық сәулесі толқын шебіне перпендикуляр жүргізілген және толқын ұйытқуының таралу бағытын көрсетеді.
Жарық шоғы және жарық сәулелері
Нүктелік жарық көздері (физикалық модель) – қарастырылып жатырған жағдайда өлшемдері еленбейтіндей жарық көздері.
Күнделікті тұрмыстан жарық құбылыстарына мысалдар келтіреміз.